• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Жұма, 30 Қазан 2020

Қосымшалар

Редакция
Газеттер
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
    • EXPO - 2017
    • Жаңаөзен - 50 жыл
    • Астана - 20
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Рухани жаңғыру
  • Әдебиет
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Маңғыстауда «Орел и Решка» бағдарламасы түсіріліп жатыр...

Облыста 3 оқушы мен 1 мұғалім коронавирус жұқтырған...

Ардагер журналист Есберген Іңірбайұлы 70 жасқа толды...

Маңғыстаулық екі оқушының коронавирусты қайдан жұқтырғаны белгілі болды...

Маңғыстауда тағы 3 адамнан коронавирус анықталды...

  • BRL: 75.22 ₸
  • HUF: 13.74 ₸
  • CAD: 324.45 ₸

Еселі еңбек, еңселі елу

8 қазан, 11:00  |  Маңғыстау жаңалықтары

Киелі өлкенің төл перзенті, зиялы азамат Қ.Жұмашев Маңғыстаудағы абыройы өз алдына, «Nur Otan» партиясының орталық аппаратындағы жемісті қызметімен, республикалық басылымдарда екі тілде жарық көріп жүрген ғылыми және саяси-публицистикалық мақалаларымен жұртшылыққа жақсы таныс.

Мектепте оқыған кезінен-ақ қатарының алды болды, өзін-өзі жан-жақты жетілдіруге күш салды. Аудандық олимпиададан қатарынан үш пәннен жеңімпаз атанып (химия, қазақ тілі, орыс тілі), екі пәннен облыстық олимпиададан 1-орын алған. Республикалық олимпиадаға химия пәнінен қатысып, облыс намысын қорғаған. Қарақия ауданы, Құрық ауылының №1 орта мектебінің сол кездегі 40 жыл тарихында «Күміс медальге» бітірген жалғыз ғана түлегі – Қаныбек Жұмашев екен. Осының өзі – оның бала кезінен зерек, алғыр, мақсатшыл, еңбекқор болғанының айқын көрсеткіші.

Ол – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің химия факультетінің 1992 жылғы түлегі. Университетте оқыған кезде «Жану проблемаларын зерттеу институтында» ғылыми-зерттеулермен айналысып, «Мұнай химиясы» тақырыбында дипломын қорғаған (ғылыми жетекшісі х.ғ.д. академик З.А.Мансұров). Спортпен шұғылдануды өміріне серік еткен Қаныбек үш жыл университет қабырғасында атақты бапкер Абдысалам Нұрмахановтың бокс секциясында шұғылданған.

Тағы бір атап айтарлығы, Қаныбек 1995–1997 ж.ж. ҚР Қарулы Күштері қатарында офицерлік қызмет атқарған. Сол екі жылда рота командирінің орынбасары лауазымында жүргенде жеке еңбек парағына талай марапат жазылыпты. Міне, қандай қызметте жүрсе де тек алдыңғы қатарда болуға тырысу, өз ісіне жауаптылықпен қарау бұл азаматтың өмірлік кредосына айналған. 2012 жылы ҚР Қорғаныс министрінің бұйрығымен «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне 20 жыл» мерекелік медалін иеленді.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Қазақстан халқына Жолдауында адами капиталға айрықша мән беріп, ұлттың жаңа болмысын қалыптастыру үшін өскелең ұрпақтың темірдей тәртіп пен жоғары жауапкершілікке жүгінген, терең білімді әрі аса еңбекқор болуы қажеттігін атап өткен еді. Міне, осы тұрғыдан алып қарағанда да астаналық жерлесіміздің өрлеу белестері жастар үшін үлгі-өнеге болуға лайық.

Жуырда ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің кеңесшісі қызметіне тағайындалған қоғам қайраткері Қаныбек Бекболатұлын барша маңғыстаулықтардың атынан бүгінгі мерейлі жасымен құттықтай отырып, оның алда да қырандар шарықтар қиялардан көріне беруіне тілектестік білдіреміз!

Осы орайда оқырман назарына белгілі қаламгер А.Кеңшілікұлының саясаткер жайлы сындарлы мақаласы ұсынылып отыр.

***

Көптеген «Нұротандықтар» партия қатарына өтіп, осы ортада өзінің барлық қырларымен көрініп, көшбасшылыққа жетсе, енді біреулері - ұзақ жылдар бойына қоғамымыздың бір саласында жарқырай жанып, жарқын істерімен жетістіктерге қол жеткізіп, айналасына ісімен танылып барып, партия көрігін қыздыруға белсене кіріскендер. Біздің әңгімеміздің кейіпкеріне осы екі сипат та тән деуге болады. Майлы қиян – Маңғыстауда туып, мұнайлы жердің бұрқағындай жастық жалын жарқыратқан жан десе болады-ау.

Қаныбек Жұмашевтың 36 жасында ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Білім беру ісі­нің үздігі» төсбелгісімен марапатталуы оның осы саладағы кәсіби шеберлігінің мойындалғаны деп түсінеміз. Мұның алдында мектеп мұғалімі болып еңбек жолын бастап, мектеп директоры, облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары, бастығы, Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары деңгейіне дейін көтерілді.

Қаныбектің қайраткерлігінің арқасында, білім басқармасы басшысының орынбасары кезінде 2006 жылы қыркүйек айында Маңғыстау облысында тұңғыш рет ұстаздар үйі ашылды. Мұғалімдерге арналған 40 орындық жатақхана, асхана, дәріс беру аудиторияларымен жабдықталған ғимарат педагог кадрлардың біліктілігін арттыруды жаңа сапалық деңгейге көтерді.

Білім беру саласындағы үлкен қадамы қанаттандырып, бір жылдан кейін Каспий жағалауында облыстың талантты жеткіншектеріне арналған жыл он екі ай демалыссыз жұмыс жасайтын «Дарын» қосым­ша білім беру орталығын ашпаққа бел буып, оның жобалық­-сметалық құжатын жасақтаудан бастап, құрылысы аяқталып, іске қосылғанға дейін жауаптысы Қаныбек болды. Бүгінде ауылдың дарынды балалары түрлі пәндер бойынша тереңдетілген білім алатын орталыққа айналды, осы іске республикадағы ең мықты ұстаздар тартылды.

Қазіргі кезде республикадағы ең үздік мектептер санатына кірген Ақтау білім­-инновация лицейінің ашылуына да Қ.Жұ­машев мұрындық болғанын мақтанышпен айта аламын.

Міне, осы ауқымды жұмыстардың ар­қасында 2009 жылы Ақтау қаласында Маңғыстау облысының тарихында тұңғыш рет барлық пәндер бойынша республика­лық олимпиада ұйымдастырылып, облыс оқушылары өлке тарихында алғашқы рет республика бойынша командалық 3­-орынды жеңіп алды. Бұл ретте, заманның талабына қарай жұмысты жолға қойып, нәтижеге қол жеткізе білу де топ бастаған басшының бір сипатынан хабар береді. Бұл азаматтың Маңғыстау облысының, еліміздің әлеуметтік-­экономикалық дамуына қосқан үлесіне берілген үлкен бағасы деп есептейміз, 43 жасында, 2013 жылы ҚР Президентінің Жарлығымен Қаныбек Жұмашев «Құрмет» орденімен марапатталды.

Осыдан кейін Қаныбектің қайраткерлігі «Nur Otan» партиясымен тығыз байланысты. Партия төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбектің шақыруымен 2014 жылдың наурызында елордаға жұмысқа ауысты, 2015 жылы қараша айында билеуші партияның хатшысы лауазымына тағайындалды.

Бұл кезеңде де партия ісінің алдыңғы шебінде жүрді. Елбасы бастаған партияның қоғамдық қабылдауларының, бастауыш партия ұйымдарының, мәсли­хаттардағы депутаттық фракциялар жұ­мысын жандандырудағы және кадрлық резервін қалыптастыруда жаңа қырынан танылды. Осыдан екі жылдай бұрын еңбегі жоғары бағаланып, «Nur Otan» партия­сының жоғарғы белгісі «Белсенді қызметі үшін» төсбелгісін тақты, Саяси кеңес мү­шелігіне сайланды.

Жалпы алғанда қандай да бір саяси партия болмасын оның қызметі, беделі, тілімізде «имидж» деп аталатын бейне­сін белсенділері құрайды. Біздің тілімізде «белсенді» сөзі өз мағынасында айтылып та жүрген жоқ. Осы сөзге көш басында жүргендердің ізгілікті іске білек сыбана кірісетін қайраткерлікті қосақтар едім. Сонда Қаныбек секілді тұлғалардың бейнесі ашылады. Мұндай марқасқа жігіттер көбейсе тасты жарып, тауды қопару оңайға түседі. Егер адалдықты ту етіп атқа қонса, жер қайыстырар қол емес пе?! Қаныбектей және оның партиялас достарының қызметін бағалай отырып, осындай ой түйгенім бар.

Бір жағынан бұл жігіт партия ісінің тиімділігінің жауапкершілігін арқалап жүр, одан басқа мемлекетіміз бен қоғамның диірменін айналдыратын ауыр тасы да мойындарында. Бұл екеуін бір-бірінен айырып қарауға болмайды. Ең бастысы, екеуінің салмағын тең көтеруі, екеуін қатар арқалаудың жауапкершілігін түсінуде, бір жағына ауған жүктей құлап қалмауында да көп нәрсе жатыр.

Бұдан барып азаматтың тұлғасы ашылады. Қазіргі күнгі көпшілік алдына шыққандардың «имиджі» туралы көп сөз қозғалады. Бұрындары елдің алдына шығам деген азамат алқалы жиындарға қатысып, ауыр сынақтан өтіп жақсы аты таралатын. Бүгінгі күндегінің бейнесін жасау үшін түрлі амал-шарғылары, қалыптасқан ілімі мен тапталған сүрлеуі бар. Ол да қажет. Егер асқақ арманды, асыл мұратты болса кез келген адамның өзінің жақсы атын шығаруға үмітті дер едім. Тек қана сыртқы пошымы, сүйексіз тілі ғана емес, оның аржағында кемелдік, санасында еркіндік, жүрегінде ерлік пен тәуекелдік болса бағы жанғаны. Ізіне ерген халқының адаспайтындығының белгісі. Қаныбекті осындай қалпында жақсы танимын. Сенемін. Қайраткерлігіне де ризамын.

Заманның қалыбына салып, Қаныбектің де бейнесін (имиджін) анықтап көруге тырыстым. Бұл технологиялардан сәл хабары барлар білетін болар. Бұл – елдің алдына шыққан адамның басында болуы тиіс мінезі, ұстанымы. Айналасындағылар айта жүретін жағымды әрекеті мен адамдармен арақатынасы. Өзінің сөз саптауы мен шынайылығы да тұлғаны толтырады. Бір көргенде ойыңа оралатын бір образға байланған, аңыз-әпсанамен әшекейленген болса да маңызды. Осының бәрін екшей келе байқағаным, бұл азаматтың басында бәрі бар. Қандай да бір істі сеніп тапсыруға болады, оны алып шығатынына, түпкі нәтижесіне қол жеткізбей тыным таппай, өзінің де өзгенің де абыройын асқақтата алатынына көзім жетті. Бұл – ержігітте сирек кездесетін қасиет. Ізімізді басып өкшелеп келе жатқан бауырларымның бойынан мұндай қасиетті табу біздер үшін де мақтаныш, иегіңді бұрып қарағанда тынысыңды сезесің, іштей тілеулес болып, жолында кедергі болып жатқан тас болса алып тастауға ерінбейсің.

Мұндай ойға келгенім, Қаныбекте көптеген замандастарының басында жоқ бір қасиет бар. Ол әрбір істің көзін тауып істейді. Жалпы ел алдында жүрген азаматтың жаза басып, атқарып жүрген ісінен қате кетіп жаман аты шықпауы абзал. Жаман атқа жеткізетін нәрсе жетерлік. Оны пейілімен де басына жамап алуы қиын шаруа емес. Сондай жасық нәрсе – атқарылған тапсырмаға жанын салмай, жүрдім-бардым етіп, қолының ұшымен жасалған тірлік болса керек. Халық бәрін көріп тұрады. Бағасын да беретін солар. Сөзі мен ісі қабыспай жатса, атқарған жұмысы тап-тұйнақтай болмаса оған кеткен есіл уақыт, қаражат тағы басқа далаға аққан сумен тең болады. Мінезі қарапайым көрінген, Қаныбек Жұмашевтың мәселені әділ, тез және орынды шешу, үлкенге құрмет көрсетіп, кішіге қамқор бола білу қасиеті оны өзгелерден ерекшелендіріп тұрды.

Қ.Жұмашевтың сыналған жері десем болады, Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары болып жүргенде халқымыздың заңғар жазушысы Әбіш Кекілбаевтың 80 жылдық мерейтойын өткізу басында байқадым. Ұйымдастырушылар бір үйдің баласындай бірінің сөзін емеурінінен танып аяғының ұшымен жүріп қызмет еткенін көрдім. Біліктіліктің нәтижесі айналасындағыларды жұмылдыра білуінде, республикалық деңгейдегі шараның маңыздылығын оның жауапкершілігін түсініп, бірін-бірі қолдай білуінде көрінеді. Бұл – үлкен жетістік.

Сонда да өзім білдімге салып, көкірек соқпаған азаматтығына «Nur Otan» партиясындағы қызметіне кіріскенде тәнті болдым. Жеке әңгімелескенде Әбіш Кекілбаев пен замандастары, сондай-ақ қазақ қоғамы туралы кесек ойлары ойға тамызық болатындай елең еткізеді. Арасында пікір таластырып та қаламыз. Қандай жағдайда да прагматик Қаныбек өз қалыбынан тасып кетпей орнықты мінезімен ұтып кетеді. Сондай-да дауылпаз Махамбеттің «Азамат, сені сақтадым, Бір күніме керек деп» деген жолдары тілге оралады. «Қазақтың бір күніне керек» деп сақтап қоятын бір жігіт болса Қаныбек Жұмашев та сол азаматтардың алдындағысы. Әзірге, ердің жасы – 50 жасына жеткенде, өмірдің бәйгесінде алға озуына, мәреге жақындағанда алдына жан салмай жарқырап шығуына тілектеспін.

Амангелді КЕҢШІЛІКҰЛЫ,

жазушы-публицист, әдеби сыншы,
халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты

361
Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
Маңғыстау жаңалықтары қоғам
Image placeholder

Маңғыстау Медиа

Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

Алдыңғы жаңалық

Сайын Шапағатовтың 80 жылдығы аталып өтті

Келесі жаңалық

Өнегелі ғұмыр, өрелі еңбек (Мемлекеттік сыйлыққа ұсынылған шығарма туралы пікір)

Пікірлер


    Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
    Жүйеге кіру

    Ұқсас жазбалар

    Ақтауда «Халықты аулада қабылдау», «Жолда қабылдау» акциялары өтті

    [ 2019 ] 16 қыркүйек, 13:05
    704

    Карантинде той ұйымдастырған тұрғын жауапқа тартылды

    11 тамыз, 12:01
    660

    Шетпе карьерлерінің қоршаған ортаға келтірілген залал сомасы 13 млн теңгеден асады

    16 қаңтар, 11:25
    2688

    Шетпе жастары «Еріктілер жылын» қайырымдылықпен бастады

    13 қаңтар, 14:35
    2369

    Сайөтестегі ошақ бәйге: миллион Алмастың «Ханшайымына» бұйырды

    [ 2019 ] 15 қыркүйек, 17:45
    1062

    Ақтауда Қазақстан мұнайының 120 жылдығы тойланды

    [ 2019 ] 1 қыркүйек, 13:56
    935

    Рубрикалар

      Рухани жаңғыруРедакция туралыБіле жүріңізБайланыс мәліметтеріБайқауҚарақияТағайындауАстана - 20ҚұқықХабарландыруРедакцияМәселе

    Автордың басқа да жазбалары

    Мемлекет басшысы «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының VII съезіне қатысты

    Кеше 17:42
    62

    Мұнайлыда мал азығын өндіретін гидропоника саласы дамып келеді

    Кеше 15:05
    115

    Мемлекет басшысы Ішкі істер министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісін өткізді

    Кеше 14:58
    55

    Маңғыстауда инфекциялық стационарларда 69 науқас жатыр

    Кеше 14:15
    75

    Ақтаудағы тұрғын үйдің бірінің кіреберісі қазақша нақышта сәнделді

    Кеше 10:43
    171

    Түркия Республикасының президенті Режеп Тайип Ердоған мырзаның 29 қазан Республика күніне орай құттықтауы

    Кеше 09:45
    107

    Paragraph

    Lorem ipsum dolor sit amet, consectetur adipisicing elit. Ducimus itaque, autem necessitatibus voluptate quod mollitia delectus aut, sunt placeat nam vero culpa sapiente consectetur similique, inventore eos fugit cupiditate numquam!

    Правила сайта ©

    Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

    Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

    Mańǵystaý Media

    Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

    Редакция

    • Редакция туралы
    • Редакция газеттері
    • Редакция ұжымы
    • Байланыс мәліметтері

    Статистика сайта:

    Сопровождение сайта Mediana

    Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»