Маңғыстауға «Орел и Решка. Чудеса света – 3» бағдарламасының түсірілім тобы келді. Түсірілімнің алғашқы кадрлары әлеуметтік желіге тарап кетті, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Желі қолданушысы Ақтау халықаралық әуежай алдында түсірілім тобын және бағдарламаның жүргізушілері Василиса Хвостова мен Антон Зайцевті көрген. Видеода олар монета лақтырып, бағдарлама дәстүріне сай «алтын» карточканы және 100 долларды кім алатынын анықтап жатқан болатын.
Бағдарламаның ресми сайтында әзірге Маңғыстау шығарылымы жайлы ешнәрсе жазылмаған.
Жұлдызай ҚАЛИЕВА