Президент Ердоған:
«Түркияда және шетелдерде тұратын барша азаматтарды 29 қазан Республика күнімен құттықтаймын. Республика күні мейрамында біздермен бірге қуанышымызға ортақтасып жатқан барша достарымызға алғыс білдіремін.
Тәуелсіздік соғысының барлық қаһармандарын және республикамыздың негізін қалаушы Гази Мұстафа Кемал Ататүрікті еске ала отырып, Түркия Республикасының құрылуының 97 жылдығында «Манзикерт жеңісінен» бастап, көптеген майдандарда өткен лаңкестікке қарсы операцияларға дейін Отанымызды мың жыл бойы қорғап келген ардагерлеріміз бен барша қаһармандарымызды ризашылық және құрметпен еске аламын» деп құттықтауын жолдады.