©
Иранда апатқа ұшыраған Украина ұшағында Қазақстан азаматтары жоқ, деп хабарлады Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров.
«Иран Сыртқы істер министрлігінің Қазақстанның Тегерандағы елшілігіне берген алдын-ала ақпараты бойынша, Украина әуе акомпаниясының құлаған ұшағының жолаушылары арасында қазақстандықтар жоқ. Сонымен қатар, қазақстандық консул консулдық есепте тұрған Қазақстан Республикасының барлық азаматтарымен байланысып жатыр», деді Айбек Смадияров.
Ол келтірген мәліметтерге қарағанда, бүгінгі таңда Иранда Қазақстан Республикасының 174 азаматы тіркелген.
Айта кетейік, бүгін Иранда 180 жолаушысы бар Украина ұшағы құлаған.