Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Құқық қорғау органдары, әкімдік қызметкерлері, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті мамандарынан жасақталған 10 топ бүгін шахардағы бірнеше қоғамдық орындарға рейд жүргізді. Тексеріс барысында жасырын түрде жұмыс жасаған бірнеше кафе анықталды.
Олар 7-шағын ауданда орналасқан “Махаля” кафесі, 8-шағын аудандағы “Тонгал хаус” тамақтану орны және 5-шағын аудандағы “Палау әзірлейтін орталық”. Оларға әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 425 бабына сәйкес, 30 бен 200 АЕК аралығында айыппұл салынбақ. Айта кетейік рейдтік жұмыстар алдағы күндері де жалғасады, делінген хабарламада.