Бүгін облыс әкімі Серікбай Трұмов аппараттық жиында бірқатар жауапты тұлғалардың жұмыс ұйымдастыруының сапасының төмендігіне орай сөгіс жариялады.
«Еңбек» Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы бойынша ауылдық елді мекендерде шағын кредит беру бағытының жарты жылдықтағы орындалысының төмендігіне байланысты (осы салаға жетекшілік ететін орынбасар) Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Бақытжан Качаковқа және Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Серік Қалдығұлға сөгіс жарияланды.