Мұнайлы ауданында тазалық жұмыстарының уақытылы жүргізілмеуі және аудан ішіндегі қоқыстардың тазаланбауы байланысты, тұрғындарға ауыз су жеткізуді жүйелі түрде ұйымдастыра алмаған аудан әкімі Рахат Елтизаровқа сөгіс жарияланды.
Себебі бұған дейін аудан әкіміне аумақтарды санитарлық тазалау және қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау бойынша бірнеше рет тапсырмалар берілген болатын.
Айта кетейік, бүгін облыс әкімі Серікбай Трұмов аппараттық жиында бірқатар жауапты тұлғалардың жұмыс ұйымдастыруының сапасының төмендігіне орай сөгіс жариялады. Тұрғындардың көтерген мәселесі мен облыс әкімі тарапынан берліген тапсырма тасада қалмайды, үнемі бақылауда.