Маңғыстауда мектеп бітіруші түлектер аттестат алу кешін ерекше тойлаған, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Жас түлектер автокөлік кортежімен жарыс ұйымдастырған. Әлеуметтік желілерге жастардың видеосы шыққан.
Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, жас түлектер жылдамдықты шектен тыс асырған. Оларға заңға сәйкес айыппұл салынды.
«Маңғыстау ауданына қарасты жолда өзара жарысқан көліктердің жүргізушілеріне айыппұл салынды. Барлығы 16 автокөлік қатысқан. Жүргізушілердің жасы 18-ден 25 жасқа дейін екені анықталды. Автокөліктер айыптұраққа жабылды. Автокөлік иесіне ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы заңының 593 бөлімі 2 бөлігі бойынша (Қауіпсіздік белдігінің талаптарын сақтамау) және 612 баптың 1-бөлімі (Құжаттары жоқ және басқару құқығы жоқ адамның көлiк жүргізуі) бойынша хаттама толтырылды», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Видео инстаграмнан алынды