Бүгін Маңғыстау облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған адам тіркелген жоқ. Ал кеше өңірде 17 адам тіркелген болатын.
Ақтау қаласында – 7, Жаңаөзен қаласында – 2 , Бейнеу ауданында – 6, Түпқараған ауданында – 1, Маңғыстау ауданында – 1.
Он жеті науқастың жетеуі індетті жұқтырған адамдармен байланыста болған. Ал қалған 10 адам дәрігерге қаралуға барған кезде анықталған. OVID-19 жұқтырған 17 адамның екеуі кәмелет жасқа толмаған. Қалғандары ересек.
Қазіргі таңда бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынды, деп хабарлайды МО ҚКО.
Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.
04.06.2020 ж. жағдай бойынша өңірде барлығы 308 адамнан COVID-19 вирусы анықталып отыр.
Ақтауда – 73;
Жаңаөзенде – 30;
Маңғыстау ауданында – 14;
Мұнайлы ауданында – 17;
Қарақия ауданы – 47;
Бейнеу ауданында - 120;
Түпқараған ауданында – 7;
Жазылып шыққаны – 161;
Қайтыс болған – 1.