Маңғыстау облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 11 адам тіркелді. Ақтау қаласында - 4, Жаңаөзен қаласында -1, Бейнеу ауданында - 5, Мұнайлы ауданында – 1, деп хабарлайды МО ҚКО.
Он бір науқастың біреуі "Теңіз Шевройл" мекемесінен келген, үшеуі індетті жұқтырған адамдармен байланыста болған. Ал, 7 адамда вирус дәрігерге қаралуға барған кезде анықталған. COVID-19 жұқтырған 11 адамның барлығы ересек. 11 науқастың барлығында да коронавирус инфекциясының белгілері нақты білінген.
Қазіргі таңда бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде. Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынды. Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.
05.06.2020 ж. жағдай бойынша өңірде барлығы 319 адамнан COVID-19 вирусы анықталды:
Ақтауда – 77;
Жаңаөзенде – 31;
Маңғыстау ауданында – 14;
Мұнайлы ауданында – 18;
Қарақия ауданы – 47;
Бейнеу ауданында - 125;
Түпқараған ауданында – 7;
Жазылып шыққаны – 161;
Қайтыс болғаны – 1.