• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Сәрсенбi, 22 Қырк. 2021

Қосымшалар

Редакция
Газеттер
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
    • EXPO - 2017
    • Жаңаөзен - 50 жыл
    • Астана - 20
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Рухани жаңғыру
  • Әдебиет
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Электр энергиясын талан-таражға салып жүрген кімдер?...

Кадрлық тәжірибе алмасу - маңызды...

Маңғыстаудың денсаулық сақшылары «Сенімге» сенеді...

Маңғыстаудың ұмытылған бұлақтарын зерттеу экспедициясы басталды...

Бибісара Асаубаева Маңғыстауға Азия чемпионы болып оралды...

  • USD: 425.75 ₸
  • EUR: 499.32 ₸
  • RUB: 5.85 ₸

Жануарлар әлемін қорғау – ортақ міндет

[ 2020 ] 30 мамыр, 11:52  |  Маңғыстау жаңалықтары

Киелі Маңғыстау өлкесінің құнды байлықтарының бірегейі, кең даланың сәні жабайы арқар, киік, қарақұйрық т.б. аңдарымызды қорғау, оларды келер ұрпаққа сақтап қалу – осы бағыттарда жұмыс жасайтын мекемелердің жұмысы ғана емес, өз елін, жерін, оның табиғатын бағалай білетін, жаны ашитын әрбір азаматтың міндеті.

Облыс аумағындағы жануарлар әлемін қорғау, өсімін молайту, бақылауды жүзеге асыру, ерек­ше қорғалатын табиғи аумақтарды ұтымды пай­далану бағытындағы жұмыстарды үйлестіру барысында атқарылып жатқан жұмыстар төңірегінде облыстық ор­ман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы Ғаббас Досатовпен сұхбат жүргізген едік.

– Ғаббас Шаңытбайұлы, бүгінгі таңда облыс аумағындағы жануарлар әлемін қорғау, олардың өсімін молайту және бақылауды жүзеге асыру, ерекше қорғалатын табиғи ау­мақтарды ұтымды пайдалану бағытындағы атқарылып жатырған жұмыстар легіне тоқталсақ.

– Аймақтық өзіндік климаттық жағдайы қоршаған ортаға, оның ішінде сол жерде мекен ететін жабайы жан­-жануар­лар әлеміне, өсімдіктерге өзіндік әсерін тигізеді. Облыстық жануарлар дүниесі алуан түрлі. Сүтқоректілердің 50­-ден астам түрі (Қызыл кітапқа енгізілген үстірт тау қойы (арқар), қарақұйрық, қарақал, итаю т.б.), құстардың 270­-тей түрі (Қызыл кітапқа енгізілген ақсұңқар, ителгі, ла­шын, үкі, бүркіт, сыңқылдақ аққу, қоқиқаз, жорға дуадақ т.б ) кездеседі.

Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі коми­тетімен «Охотзоопром ӨБ» РМҚК арасындағы «Сирек кездесетін және жойылып бара жатқан жабайы тұяқты жануарларды есепке алу және оған мониторинг жүргізу» туралы келісім шартқа сәйкес жануарлар дүниесіне санақ жұмыстары жүргізілуде.

2019 жылдың көктемінде аумақтық инспекция, «Охот­зоопром» өндірістік бірлестігі және «Қазақстанның биоалуантүрлілікті сақтау ассоцияциясы», ҚР БҒМ «Зоо­логия институты» өкілдерімен бірлесе, «Казавиаспас» ЕС­-145 тікұшағы арқылы сирек кездесетін және жойылып бара жатырған жануарларға әуе санағы жүргізілді. Жануар­ларды есепке алу барысында Маңғыстау облысындағы республикалық және жергілікті маңыздағы 12 ерекше қорғалатын табиғи аймақтар қамтылды.

Біріккен Араб Әмірлігімен Қазақстан Республикасының Үкіметі арасындағы сирек кездесетін жануарлар түрлерін, оның ішінде құстардың өсімін молайту мақсатында жүргізіліп келе жатырған жұмыстарға сәйкес 2018 жылы Маңғыстау облысы аймағына 500 жек дуадақ құсы ұшырылса, 2019 жылы 600 бас, ағымдағы жылдың мамыр айында 1 100 бас жек дуадақ құсы ұшырылды. Бұл құстар­ды бақылап, мониторинг жасап отыру үшін спутниктен бақылайтын арнайы қондырғылар орнатылған. Дуадақ құсы Маңғыстауға көктем айларында келіп, ұя салып, жұмыртқа басып, балапандарын өргізіп, күз айларында жылы жаққа ұшып кетеді.

Облыста бекітіліп берілген аң аулау алқаптарында 41 377 бірлік көлемінде аң аулауға лимит белгіленді, бұл өткен жылдармен салыстырғанда 15% артық. Облыс аумағында аң аулау объектілері болып табылатын аң­-құстар: қоян, түлкі, қарсақ, үйрек, қаз, кептер, қасқалдақ, кекілік, шалшықшы және қабан.

Ал қасқыр және шибөрі аулау бекітілген стандартқа, регламентке сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету арқылы жүзеге асады. Ол үшін заңды немесе жеке тұлға «e.gov» порталы арқылы халыққа қызмет көрсету орталықтарынан немесе үйде отырып та өтініш бере алады. Қасқыр аулауға рұқсат алған тұлғалар жыл соңында инспекцияға аулағаны туралы есеп беруі міндетті. 2019 жылы облыс аумағында 300 бас қасқыр, 602 бас шибөрі аулауға рұқсат берілсе, 2020 жылы 276 бас қасқыр және 540 бас шибөрі аулауға лимит бөлінген.

Инспекция қызметкерлері тарапынан заңнамалар талап­тарын қадағалауды тиісті деңгейде өткізуіне байланысты аң аулау маусымы кезінде аң аулау ережесінің бұзылуына жол берілмеуі қадағалануда. 2019 жылы заңсыз аң аулаудың 9 фактісі тіркеліп, хаттама толтырылды.

Өткен жылдың қазан айының 15–27 аралығында Маңғыстау облысы аумағында өте сирек кездесетін Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген арқарға және қарақұйрыққа әуе санағы жүргізілді. Маңғыстау облысын­да республикалық маңыздағы «Үстірт» қорығы, «Кендірлі­-Қаясан» мемлекеттік қорық аймағы, «Ақтау­-Бозашы», «Қарақия–Қаракөл» мемлекеттік қаумалдары және жер­гілікті маңыздағы «Қызылсай» өңірлік табиғи паркі, «Та­сорпа», «Манашы», «Көлеңкелі», «Есет», «Жабайұшқан», «Адамтас» қаумалдары ерекше қорғалатын табиғи аумақтары тіркелген, олардың жалпы аумағы 2,8 млн га. Санақ жұмысына ҚР Білім және ғылым министрлігі «Зооло­гия институты» ғылыми қызметкері, Маңғыстау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы, «Охотзоопром ӨБ» РМҚК және ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың қызметкерлері қатысты. Санақ «Eurocopter» тік ұшағымен жүргізілді. Санақ кезін­де облыс аумағындағы барлық ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды тік ұшақпен бақылауға 55 сағат бөлінді.

– Жүргізілген әуе санағы кезінде облыс аумағында аңдардың бұрынғы жылдармен салыстырғанда өсімі қалай?

– Иә, бұрынғы жылдармен салыстырғанда өсімі байқалып отыр. Қазіргі таңда, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда қорғау жұмыстары жақсы жолға қойылған деп айтуға толық негіз бар. «Үстірт» табиғи қорығы, «Қызылсай» өңірлік табиғи паркі және «Кендірлі­-Қаясан» мемлекеттік қорық аймағы инспекторлары қорғау жұмыстарын вахталық әдіспен ауысыммен жүргізеді. Бұл қорғалатын аумақ ешқашан иесіз қалмайды деген сөз. Олар кардон үйлерімен, қызметтік қару, рация, дрон және т.б. керекті құралдармен қамтамасыз етілген. Аумақтық инспекция биыл бес жаңа автокөлікпен қамтамасыз етіл­ді. Сонымен бірге «Теңізшевройл» компаниясы тарапы­нан да демеушілік көмектер көрсетілуде. Атап айтқанда, инспекторларға арналған жүрмелі кардон-­вагондармен, рациялар және дрондармен көмектесіп отыр. Жалпы об­лыс аумағында Қызыл кітапқа енгізілген жануарлардың көбеюіне жергілікті маңыздағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың құрылуы өз септігін тигізіп отыр.

Қазіргі таңда «Eurocopter» тік ұшағымен қорғау жұмыстарына қараша айына жиырма бес сағат уақыт бөлініп, мемлекеттік бақылау, қорғау жұмыстары жүргізілуде. Бұл тік ұшақтың бір ерекшелігі кез келген жерге қона алады. Егерде күдікті автокөліктерді көрген кезде, қонып автокөліктерге тексеру жүргізеді. Алдағы уақытта осылай тік ұшақпен, дронмен (безпилотник) қорғау жұмыстары жалғасын табатын болады.

– Мамыр айы киіктердің төлдейтін мезгілі, жалпы Маңғыстау облысында киіктер қай аумақтарда кездеседі?

Қазақстанда киіктердің Орал, Бетпақдала және Үстірт таралымдары кездеседі. Орал таралымы Батыс Қазақстан облысында, Бетпақдала таралымы Қарағанды, Қостанай, Ақмола облыстарында, Үстірт таралымы Ақтөбе, Маңғыс­тау облыстары және көрші Өзбекстан Республикасының Қарақалпақстан аумағына өріс жайған. Орал таралымы – киіктердің ең көп таралған өңірі. 2019 жылғы жүргізілген әуе санағының қорытындысы бойынша киіктердің Үстірт таралымы 5000–5500 бас шамасында болды. «Охотзоо­пром ӨБ» РМҚК­-ның Ақтөбе филиалы тікелей киік­терді қорғаумен айналысады. Сонымен киіктерді және Қызыл кітапқа енгізілген жануарларды қорғау жұмысына «Кендірлі-­Қаясан» мемлекеттік қорық аймағы инспек­торлары жұмылдырылып отыр. Олар 4 Тойота Хайлюкс автокөлігімен қамтамасыз етілген.

– Өңірде Қызыл кітапқа енген аңдарды заңсыз аулағандарға салынатын айыппұлдың көлемі қандай?

– Заңсыз аулағандарға салынатын айыппұл көлемі өте жоғары. Мысалы, бір бас арқарды заңсыз аулаған тұлғаға салынатын айыппұлдың көлемі 17,0 млн. теңгеден 34,0 млн. теңге, ал заңсыз бір бас қарақұйрық аңын аулаған тұлғаға салынатын айыппұл 4,5 млн. теңгеден 9,0 млн. теңгеге дейін барады. Ал бір бас дуадақ құсының шығыны 1,9 млн. теңгеден 5,7 млн. теңгені құрайды және Қылмыстық кодекстің 337-­бабы бойынша жауапқа тартылатын бола­ды. Ал аң аулау объектілері боп табылатын аң­-құстардың шығыны әр басқа 20 мың теңгеден 40 мың теңгеге дейін барады. Мысалы, қоян, түлкі, үйрек, кекілік т.б. Егерде заңсыз аң аулау ерекше қорғалатын табиғи аумақта орын алса, оның айыппұлының көлемі де жоғары болады.

– Ал шетелдіктерге аң аулау мәселесі қалай жүргізіледі?

– Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 9 қазандағы №745 «Жек дуадақтарды аулау туралы» қаулысына сәйкес 2019 жылдың 10 қазанынан 15 қараша аралығында Маңғыстау облысының «Кендірлі–Қаясан» қорық аймағының аумағында Біріккен Араб Әмірлігінен келген тұлғаларға 86 жек дуадақты аулауға рұқсат беріл­ді. Аумақтық инспекция тарапынан мемлекеттік бақылау жүргізіліп, заңсыз аң аулау фактісі тіркелген жоқ.

– Балық шаруашылығы саласына тоқталсаңыз?

– Маңғыстау облысының Каспий теңізінің Түрікменстан шекарасына жақын Сүйе жерінен Атырау облысының Прорва жеріне дейінгі 1 350 шақырым аралықта мем­лекеттік бақылау, қадағалау жұмыстарын жүргізеді. Осы бағытта инспекцияда 2 «Байда» суда жүзу құралы, 9 автокөлік, қызметтік қару т.б. керекті құралдармен қамтамасыз етілген. Облыста 33 балық аулау учаскесі бар, оның 25-­і табиғат пайдаланушыларға бекітіліп берілген. Маңғыстауда балық аулау маусымы 15 наурыздан 15 қараша аралығында өтеді. Оңтүстік Каспийде тиісті рұқсатқа сәйкес жылдың басқа мерзімінде де балық аулауға рұқсат берілуі мүмкін. Табиғатты пайдаланушылар Маңғыстау облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасымен келісім шарт арқылы балық аулауды жүзеге асырады. Біздегі кәсіпшілік мақсаттағы ауланатын балықтың түрлеріне сазан, кефаль, судак, селедка, килька т.б. жатады.

– Бекіре тұқымдас балықтарды аулауға рұқсат беріле ме, браконьерлермен күрес қалай жүргізілуде?

– Каспий теңізінде бекіре тұқымдас балықтарды аулауға тиым салынған. Жоғарыда айтылғандай қолда бар техникалармен Түпқараған және Бозашы инспекция­сы бөлімдері айналысады. Сонымен бірге ҰҚК Шекара қызметі, Маңғыстау облыстық ішкі істер департаменті табиғат қорғау полициясы қызметкерлерімен бірлескен іс­шара аясында жұмыстар жүргізеді. 2019 жылы ішкі істер органдарымен заңсыз бекіре балықтарын аулаған тұлғаларға қатысты 7 қылмыстық іс тіркеліп, 70 тұлғаға әкімшілік хаттама толтырылды. Ағымдағы жылдың 1 сәуірі мен 31 мамыры аралығында Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстары аумағында кең көлемді «Бекіре» акциясы жүргізілуде. Бұл – бекіре балықтарының уылдырық шашатын мезгілі. Осы кезде қорғау жұмыстары күшейтіледі. Биылдан бастап ҚР Қылмыстық кодексі­не өзгерістер енгізілді. Бұрын бекіре балықтарын заңсыз тасымалдағандар түрлі себептермен жазадан құтылып кететін. Енді Қылмыстық кодекстің 339-­бабына сәйкес түрлі мерзімге жазаға тартылатын болады және бекіре тұқымдас балықтың әр килограмының шығыны 100 айлық есептік көрсеткішті құрайды. Мысалы, тұлға 25 кг бекіре балығымен қолға түсетін болса, келген шығын 6,8 млн. теңгені құрайды.

Өткен жылы «Охотзоопром ӨБ» РМҚК-­ның үш инс­пекторы браконьерлердің қолынан қаза тапқаны баршаға мәлім. Қазір сол браконьерлердің үстінен соттың үкімі шығып ұзақ жылға бас бостандығынан айыру туралы жаза қолданғаны белгілі, кейбіреуіне өмір бойы түрмеде отыру жазасы шықты. Заңға енгізілген өзгерістерге сәйкес заңсыз аң-­құс, балық аулағандарға жаза қатал.

Маңғаз Маңғыстаудың маң даласын кезінде мыңдап мекен еткен түз жануарларын, кәрі Каспийдің бекіресін сақтап қалу – қиын мәселе. Сондықтан сирек кездесетін жануарларды баршамыз жұмыла қорғауымыз қажет.

Облыс тұрғындарына айтарымыз, қандайда бір бра­коньерлік фактілерді естіген, көрген болсаңыз, жергілікті құқық қорғау органдарына немесе аумақтық инспекцияға хабарласыңыз. Сіздерді бірігіп күресуге шақырамыз!

– Сұхбатыңызға көп рақмет!

Кенжебек СЕРЖАНҰЛЫ

1294
Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
Маңғыстау жаңалықтары Қоғам Сұхбат
Image placeholder

Маңғыстау Медиа

Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

Алдыңғы жаңалық

Маңғыстау облысы Қаржы Басқармасының басшысы тағайындалды

Келесі жаңалық

Шайхы Кендірбайұлы

Пікірлер


    Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
    Жүйеге кіру

    Ұқсас жазбалар

    Батырбек Естаулетов: Вьетнам, Иран, Тайланд спортшылары – басты қарсыластарымыз

    18 наурыз, 09:33
    1066

    Бекзат Нұрдәулетов: Токиода топ жарып, елімді қуантсам деймін

    9 наурыз, 10:39
    717

    Үлескер болу үшін...

    1 қаңтар, 10:30
    594

    Қазақстанда әлеуметтік саладағы волонтерлерге сұраныс жоғары - Азамат Жұмағазы

    [ 2020 ] 7 желтоқсан, 10:40
    613

    Бала құқығын қорғау – ортақ міндет

    [ 2020 ] 1 маусым, 14:38
    1369

    Жануарлар әлемін қорғау – ортақ міндет

    [ 2020 ] 30 мамыр, 11:52
    1295

    Рубрикалар

      МаңғыстауМәселеанонсСұхбатҚазақстан жаңалықтарыРедакция туралыРедакция ұжымыҚоғамЖаңалықтарЖарнамаАнықтама бюросыЭкономика

    Автордың басқа да жазбалары

    Вакцинациялау вирустың таралуын азайтады

    Кеше 14:02
    293

    «Урманов Е.К» ЖК қызмет туралы өтініші

    17 қыркүйек, 16:50
    192

    «Нарембаев А.Б» ЖК-нің қызмет туралы өтініші

    17 қыркүйек, 16:43
    189

    «Ақ жол құрылыс» ЖШС-нің қызмет туралы өтініші

    17 қыркүйек, 16:41
    171

    «ММД-БекРыс» ЖШС-нің қызмет туралы өтініші

    17 қыркүйек, 16:32
    169

    Сенек - көне қоныс, көркейген ел

    17 қыркүйек, 11:20
    356

    Жарнама берушілерге

    Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

    Правила сайта ©

    Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

    Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

    Mańǵystaý Media

    Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

    Редакция

    • Редакция туралы
    • Редакция газеттері
    • Редакция ұжымы
    • Байланыс мәліметтері

    Статистика сайта:

    Сопровождение сайта Mediana

    Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»