1 маусым - балаларды қорғау күніне орай Маңғыстау облысындағы бала құқығын қорғау саласында атқарылып жатқан жұмыстарды саралау мақсатында облыстық білім басқармасына қарасты балалардың құқықтарын қорғау және арнайы білім беру бөлімінің басшысы Байдуллаева Шынар Аманғалиқызымен сұхбаттасу сәті түсті.
- Шынар Аманғалиқызы, облыстық білім басқармасы тарапынан бала құқықтарын қорғау жүйесін жетілдіруге бағытталған жұмыс барысы қандай?
- Облыста білім саласында балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауда, балалы отбасылардың жағдайын жақсартуда, сондай-ақ мүгедек балаларға арнайы білім беру жағдайын жасауда «Балалар құқықтары туралы Конвенцияны», Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Баланың құқықтарын қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңдары басшылыққа алынады.
Маңғыстау облыстық білім басқармасына қарасты арнайы білім беру және балалар құқықтарын қорғау бөлімі қызметінің басты бағыты -білім басқармасының іс-қимыл жоспарына сәйкес, құзырлық ететін саласы бойынша Қазақстан Республикасының Заңдарының мен нормативтік актілеріне сәйкес,облыс бойынша жетім, ата-ана қамқорлығынсыз қалған және ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалардың құқықтары мен заңды мүдделерінжүзеге асыру.
Балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғалуын, әлеуметтік көмек көрсетуін жергілікті атқарушы орган тарапынан қорғаншылық, қамқоршылық функцияларды жүзеге асыратын аудандық, қалалық білім бөлімдерінде 12 маман жұмыс жасайды.
Облыста әлеуметтік мәртебесі анықталған - 485 бала бар.Оның ішінде: қорғаншылық пен қамқоршылықта - 414 бала, патронаттық тәрбиеде -14 бала, интернаттық мекемелерде - 57 бала тәрбиеленуде.Жыл сайын жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың санының азаю динамикасы байқалады. Соңғы 3 жыл бойынша салыстырып айтатын болсам, облыстағы жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың 53-ке азайды(2019 ж.-502, 2018 ж.-524, 2017 ж.-555).
Облыстық отбасы үлгісіндегі балалар ауылында 4 пен 18 жас аралығындағы 29 бала тәрбиеленіп жатыр. Соңғы 3 жыл ішінде облыстық отбасы үлгісіндегі балалар ауылының тәрбиеленушілерінің саны 14-ке азайды (2019 ж. - 34, 2018 ж. - 40, 2017 ж. - 48 тәрбиеленуші).
Жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалармемлекет тарапынан зор қолдауға ие. Олардың сапалы білім алуына, құнарлытамақтануына, спортпен шұғылдануына, бос уақытын тиімді өткізуіне толықтай жағдай жасалған. Жыл сайын дәстүрлі түрде атаулы мереке күндері мәдени-қоғамдық іс-шаралар ұйымдастырылып, балалар белсенді атсалысады. Сонымен қатар әрбір ауданда (қалада) интернаттық мекемелерде тәрбиеленетін балалардың санын азайтып, жетімдерге қамқорлық көрсетіп, олардың туған-туысқандары арасында түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру, бала асырап алуға немесе қорғаншылыққа, патронатқа алуға ниет білдірген қазақстандық азаматтарға қолдау жасау бағытында қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі мамандардың, бала асырап алуға үміткерлердің қатысуымен «Ризашылық», «Қуан сәби», «Жомарт жүрек», «Мейірім» акциялары үнемі жоспарлы өткізіліп отырады. Бұндай шараларға бала асырап алуға ниет білдірген үміткерлер қатысады.
2016 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінде жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға және балаларды өз отбасыларында тәрбиелеуге тілек білдірген азаматтарға арналған Республикалық деректер қоры жұмыс жасайды. Аудандық, қалалық білім бөлімдерінің қорғаншылық және қамқоршылық функцияларды жүзеге асыратын мамандары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 29.06.2016 ж. № 407, 16.11. 2016 ж. № 661 бұйрықтарын басшылыққа ала отырып, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың толық мәліметтерін деректер қорына уақытылы енгізіп отырады.
Бала асырап алуға тілек білдірген ниетті азаматтарды есепке алуда аталған бұйрықтардың негізінде «ҚР азаматтары болып табылатын, ҚР аумағында тұрақты тұратын, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап алуға тілек білдірген адамдарды есепке алу қағидаларын бекіту туралы» бұйрықтарменжүзеге асырылады. Оң нәтижеге ие болған үміткер халыққа қызмет көрсету орталығынан электронды цифрлы қолтаңбасын алып, логині мен паролі арқылы Республикалық деректер банкі арқылы республика бойынша жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалармен танысуға және одан кейінгі қорғаншылық пен қамқоршылыққа , асырап алу бағытындағы жұмыстарды ұтымды пайдалану мүмкіндігіне ие болады.Республикалық деректер банкіндегі мәліметтердің құпиялылығы қатаң сақталады, бұзған жағдайды қылмыстық жауапкершілікке тартылады.
Облыстық отбасылық үлгідегі балалар ауылында тәрбиеленушілердің жәрдемақылары мен демеушілік қаржысын тиімді пайдалану мақсатында «Тұрғынүйқұрылысжинақбанкінде» есепшоттар ашылды. Қазіргі таңда 29 тәрбиеленушінің аталған банкте жеке шоттары бар. Сонымен қоса 2014 жылдан бастап «Бөбек» қоры мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі ашылған еді. Қазіргі таңда 5 тәрбиеленушінің қорда қаражаты жинақталған. Кәмелет жасқа толғаннан кейін қор есебінен жоғары білім алуына мүмкіндік беріледі. Қазақстан Республикасының тұрғын үй Заңнамасына сәйкес, әлеуметтік мәртебесі анықталып, 2017-2020 жылдар аралығында тұрғын үй кезегінде тұрған 121 бала тұрғын үймен қамтылды. Бұның өзі жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға мемлекет тарапынан көрсетіліп жатырған зор қолдау деп пайымдаймыз. Осы тұста балалар ауылының кәмелет жасқа толған тәрбиеленушілері үйі жоқ болса қайда барып күнелтеді деген сұрақ туындайды. Интернаттық мекеменің тұрғын үй кезегінде тұрған кәмелет жасындағы 30 түлегі үй алғанға дейін Ақтау қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Ақтау тұрғын үй» мекемесіне қарасты жатақханасының 21 пәтерінде уақытша тұрып жатыр. Мемлекет тарапынан кезекке қойылған кәмелет жасындағы түлектің баспана алу тәртібі заң аясында кезектілікпен жүзеге асырылады.
- Жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған бағдарламалар мен жобаларға тоқталып өтсеңіз?
- Балалардың құқықтары мен мүдделерін, қамқорлық шараларын қабылдауды құқықбұзушылықтардың алдын алуда мемлекеттік органдар және қоғамдық ұйымдармен бірлескен бағыттағы бағдарламалар аясында жұмыстар жүргізілуде. «Маңғыстау облысының Білім басқармасы» ММ мен «ДАРА» ЖҚ арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум бағытында ағымдағы жылдан бастап облыстық отбасы үлгісіндегі жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған тәлімгерлік институтын қолдау мақсатында ынтымақтастықты нығайту, ілгерілету және дамыту, мақсатында тәрбиеленушілерге тәлімгерлер бекітіп, 14 жастан жоғары тәрбиеленушілерге кәсіптік бағдар беру, оларды қоғамдық өмірге бейімдеу, бәсекеге қабілетті, жеке тұлғаны дайындау бағытындағы меморандумға қол қойылып, жұмыстар алға қойылды.
2018 жылы өзара ынтымақтастық пен мүдделікке сүйене отырып, «Мейірімді сот» пилоттық жобасы шеңберінде мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардың арасындағы ведомствоаралық өзара іс-қимыл туралы меморандум жасақталып, іске асырылуда.Меморандумның мақсаты - «Мейірімді сот» пилоттық жобасын іске асырудағы ынтымақтастық ұлттық және халықаралық заңнаманың жалпыға танылған қағидаттары мен нормаларына сәйкес баланың құқықтарын қамтамасыз етуге, кәмелетке толмағандар жасаған қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алуда оларға қатысты қамқорлық шараларын қабылдауға кепіл беретін қылмыстық сот ісін жүргізу жүйесі ретінде қалыптастыру болып табылады. Білім басқармасының ұйымдастыруымен «Адам құқығы, бала құқығын қорғаудан басталады» т.б тақырыптарда дөңгелек үстел өткізіліп, мектептердегі медиация жұмыстары, «Мейірімді сот» пилоттық жобасының жүзеге асырылуы мәселелері талқыланды. Сонымен қатар кәмелетке толмағандардың құқығын қорғауда дауласушылық деңгейін төмендету саласында бес жақты меморандум бойынша Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес, 2017 жылы мүдделі органдар арасында дауларды шешуде баламалы және өзге де соттан тыс тәсілдерді енгізу және дамыту бойынша, оның ішінде медиация ықпал ететін кәмелетке толмағандардың құқығын қорғауда дауласушылық деңгейін төмендету мақсатында, өзара ынтымақтастық туралы меморандум жасақталды. Аталған меморандумға сәйкес білім беру ұйымдарында медиатор топтары жұмыс жасайды.
- Мүмкіндігі шектеулі балалардың құқықтарын қорғау саласында қандай ілгерілеушіліктер бар?
- Мүмкіндігі шектеулі балаларды қоғамға бейімдеу, бойына өзіне деген сенімділікті ұялату, өмірге деген құштарлығын арттыру, спортқа қызығушылығын ояту бағытында да көптеген жұмыстар атқарылып жатыр. Соңғы деректерді сараласақ, облыстағы мүмкіндігі шектеулі балалардың жалпы саны 6175-ті құрап отыр. Соның ішінде мүгедек балалар саны – 2626. ОблыстаҚР «Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік және медициналық- педагогикалық түзету арқылы қолдау туралы» Заңына сәйкес, 0-18 жас аралығындағы даму проблемалары бар балаларға оқыту мен тәрбиелеу мәселелерін шешу, кемтар балаларға әлеуметтік және психологиялық-медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау көрсету мақсатында Ақтау мен Жаңаөзен қалаларында және Мұнайлы ауданында 3психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациясы (ПМПК), Ақтау қаласындакөру қабілеті бұзылған және Есту қабілеті бұзылған, психикалыө дамуы тежелген және сөйлеу тілінде ауыр бұзылыстары бар балаларға арналған2 арнайы балабақша, мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған 4 арнайы мектеп, әр ауданда 6 педагогикалық-психологиялық-түзеу кабинеті және Жаңаөзен қаласында 1 оңалту орталығы жұмыс жасайды.Маңғыстау облысы туу көрсеткіші бойынша республика бойынша алдыңғы қатарда, сонымен қатар ішкі және сыртқы көші-қон ағыны аса жоғары динамикаға ие екендігін ескерсек, бүгінгі таңда Ақтау қаласынан тағы да бір психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациясын және мектеп жасына дейінгі ақыл-ойы қалыпты жетілмеген, аутист және Даун синдромы бар балаларға кешенді психлологиялық-педагогикалық көмек көрсетуде, қоғамға әлеуметтік бейімдеу үшін Ақтау қаласынан арнайы балабақша ашу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына енгізілген маңызды міндеттердің бірі- ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды инклюзивті білім берумен қамту. Бағдарламаға сәйкес 2025 жылдың соңына дейін облыстағы мемлекеттік балабақшалар мен мектептердің 100 пайызы, колледждердің 70 пайызы инклюзивті білім берумен қамтылады.Облыста мемлекеттік 136мектепке дейінгі ұйым , 134 жалпы білім беру ұйымы, 15 колледж бар. Бүгінгі таңда 50балабақшада, 89 мектепте, 4 колледжде ерекше білім беруге жағдай жасалған.Облыста 505 бала үйден және 159 бала арнайы сыныпта білім алады.Ерекше білімді қажет ететін балаларғакешенді психологиялық -педагогикалық көмек көрсету және қоғамға әлеуметтік бейімдеу қажеттілігін шешуді қолдау бағытында Ақтау қаласындағы № 6 мектебінің және Қарақия ауданы Құрық кентіндегі №№ 1,6,11 мектептері мен Құрық орта мектеп-гимназиясының базасында «ДАРА» қоғамдық қорының қолдауымен ресурстық кабинеттер ашылып, материалдық-техникалық базалары жарақтандырылып, арнайы мамандармен толықтырылып, «Болашақ» корпоративтік қорының қолдауымен «Әр бала мектепке лайықты» жобасы аясында Ақтау қ. №17 жалпы білім беру мектебінің базасында аутист балаларға арналған 1 сынып ашылды.Ақтау технологиялық сервис колледжінен есту және сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған «Тігінші» біліктілігі бойынша арнайы топ ашылып, 12 студент білім алуда.
Сондай-ақ біздің облыста өмірлік қиын жағдайға тап болған балалар мен жасөсіпірімдерге жан-жақты қолдау көрсетуге, қоғамға бейімдеуге арналған кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы және девиантты мінез-құлықты балаларға арналған облыстық арнайы мектеп-интернат қызмет етеді. Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына 3 пен 18 жас аралығындағы ата-ана қамқорлығынсыз, қараусыз және қадағалаусыз қалған, өмірде қиын жағдайға тап болған балалар қабылданады. Ал девиантты мінез-құлықты балаларға арналған мектеп-интернатқа сот шешімімен бағытталады. Қазіргі таңда аталған мектеп-интернатта тек Маңғыстаудан ғана емес, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан облыстары мен Нұр-сұлтан қаласынан бағытталған балалар тәрбиеленуде. Интернаттық мекемелердің қызметі, ондағы ахуал облыстық білім басқармасы тарапынан жіті қадағаланады, есептік кезеңдерде мониторинг жүргізіліп, басшылық қаперіне беріледі.Елімізде орнаған төтенше жағдай режиміне байланысты карантин мерзімінде арнайы балабақшалар мен түзету кабинеттерінің жұмысы уақытша тоқтаған еді. Бұл турасында барлық ата-аналарға түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Карантиндік режим аяқталысымен, арнайы білім беру ұйымдары толыққанды қызметіне кіріседі деген үміттеміз.
- Білім беру ұйымдарындағы ақпараттық-түсіндіру, насихат жұмыстарына тоқталып өтсеңіз?
- Жыл бойы облыстық білім басқармасы ұйымдастыруымен «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ», «Бала құқығы – адам құқығы», «Мектепке жол» науқандары өтетіндігі мәлім. Сондай-ақ 1 маусымнан бастап «Бала еңбегіне қарсы 12 күн» науқаны бастау алады. Облыстық білім басқармасының бастамасы әрі тікелей тапсырмасына сәйкес барлық қалалар мен аудандардағы білім бөлімдері науқан аясында қоғамдық-мәдени танымдық іс-шараларды өткізуге мұрындық болады. Сондай-ақ мектеп оқушылары мен ата-аналардың қатысуымен «Құқықтық сана», «Зорлық-зомбылыққа жол жоқ» тақырыбында дөңгелек үстелдер, т.б онлайн форматында ұйымдастырылады. Әрине мұндай іс-шараларды жүйелі өткізудегі басты мақсат- балалар мен жасөспірімдердің өз құқықтары мен мүдделерін жете танып-білуіне жол ашу, олардың бойларына ізгі адамгершілік қасиеттерді сіңіру, отбасы құндылықтарын ұғындыру екені анық. Сөз соңында түйетін түйін- «ұрпақ болашағы-ұлт болашағы», тәуелсіз ел тірегін тәрбиелеуде бәсекеге қабілетті, жүрдек заман сұранысына сай білімді де білікті азаматтарды қалыптастыру және олардың құқығын қорғау, қолдау басты міндет болып табылмақ.
- Танымды сұхбатыңызға рахмет!
Голрох Жеменей