• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Жексенбi, 24 Қаңт. 2021

Қосымшалар

Редакция +7 (7292) 20 48 34 hat@mangystaumedia.kz
Газеттер
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
    • EXPO - 2017
    • Жаңаөзен - 50 жыл
    • Астана - 20
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Рухани жаңғыру
  • Әдебиет
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Н.Жантөрин театрының директоры тағайындалды...

Түпқарағандық жігіт Венгрияда ұшқыш мамандығын меңгеріп жүр...

Ақтау қалалық мәслихатының І сессиясы өтті...

Қала тұрғындары сайлауда белсенділік танытып жатыр...

Теңіз жағалауынан өлі үйректер табылды (ФОТО)...

  • USD: 419.69 ₸
  • EUR: 510.89 ₸
  • RUB: 5.63 ₸

Медициналық сақтандыру жүйесінде барсыз ба?

[ 2020 ] 16 тамыз, 13:49  |  Сұхбат

Елдегі төтенше жағдай кезінде кәсіпкерлерге қолдау көрсету үшін ірі бизнестің кейбір субъектілері 2020 жылдың 1 шілдесіне дейін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру төлемдерінен босатылған болатын. Сондай-ақ 1 шілдеге дейін барлық азаматтар шартты сақтандырылған болып саналып, медициналық көмекті толық көлемде тегін алуға құқығы болды. Қазір бұл жеңілдік жоқ, медициналық сақтандыру жайы қалай болып жатыр? Көпшіліктің көкейіндегі бұл сұрақты деді «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» Маңғыстау филиалының директоры Руслан Фаризунұлы БЕКТУБАЕВҚА қойған едік.

- Бүгінгі таңда медициналық сақтандыру қорының Маңғыстау облысы бойынша филиалына сақтандыру мәртебесіне қатысты өтініштер түсіп жатыр. Науқастар медициналық мекемелерге жүгінген кезде ғана әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі қызметтердің олар үшін қол жетімді еместігін біледі екен. Мұның бірнеше себебі бар. Бірінші себеп. Тұрғындардың көпшілігі жеңілдік кезеңін 1 шілдеге дейін төлемдерді төлеуден босату ретінде қабылдап, төлеуді тоқтатты. Негізінде, жеңілдік кезеңі халықтың осы аралықта МӘМС жүйесіндегі мәртебесін анықтап алуы үшін арнайы жасалған-ды.Сондықтан алғашқы алты айда жарна төленбеген немесе ішінара төленген болуы мүмкін, ал МӘМС пакетіндегі медициналық көмек осы кезеңде барлығына тегін қол жетімді болды.

- Мұндайда не істеуіміз керек?

- Алдымен өз төлемдеріңіздің айларға бөлінген үзіндісін алуыңыз қажет. Егер Сіз жеке кәсіпкер, азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт бойынша жұмыс істейтін қызметкер немесе өзін-өзі жұмыспен қамтушы немесе дербес төлеуші болсаңыз, онда сізде 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап санағанда 8 айға жарна төленуі керек. Егер сіз жалдамалы жұмыскер болсаңыз, соңғы 12 айға аударым болуы тиіс. Егер бір немесе бірнеше ай үшін аударымдар болмаса, төлем жасалмаған ай үшін төлем жүргізуге тиіссіз немесе жұмыс берушіңізге барып, аударым қарызын өтеуді сұрауыңыз керек. Ал жарналарды уақытылы төлемейтін ЖК мен жұмыс берушілер үшін әрбір мерзімі өткен күн үшін, төлем күнін қоса алғанда, берешек сомасының 1,25% мөлшерінде айыппұлдар мен өсімпұлдар қарастырылған. Егер жарналар мен аударымдар бойынша олқылықтар болмаса, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына 1406 нөмірі бойынша хабарласу керек немесе телеграмм ботта өтініш қалдыру қажет. Сіздің өтінішіңіз жеке қаралады. Енді екінші себепке тоқталайық. 42500 теңге біржолғы көмек төленуіне байланысты, тұрғындардың көпшілігі сәуір-мамыр айларында бірыңғай жиынтық төлем төлей бастады. Осылайша олар өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар санатына жатқызылды. Айта кетейік, бірыңғай жиынтық төлемнің, яғни 2 626 теңгенің тек 40%-ы немесе 1,1 мың теңгесі міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жұмсалады, қалғандары мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры (МӘСҚ), зейнетақы қоры мен салық төлемдеріне бөлінеді. Бірыңғай жиынтық төлем міндетті төлемдерге, оның ішінде бюджетке байланысты төрт мәселені бірден шешсе де, көп адамдар оны төлеуді жалғастырғысы келмейді. Сонымен қатар «бір реттік» төлеушілердің көпшілігі бұл төлем оларға алдын-ала бір жыл үшін сақтандыру мәртебесін береді деп ойлады. Шындығында, олай емес. Бірыңғай жиынтық төлемді ай сайын және тұрақты, үзіліссіз төлеу қажет. Егер сіз осы сегіз ай ішінде тек бір рет немесе екі рет қана төлесеңіз, ол Қорға қарыз ретінде қарастырылады. Еді не істеу керек, дейсіз ғой? Алдыңғы айлар үшін жарна төлейтін аралықты көрсете отырып, дербес төлеуші ретінде 2125 теңге мөлшерінде жеке төлемдер төлеу керек.

- Ол жарнаны қалай төлеуге болады?

- Жарнаны «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының банк шотына қолма-қол ақшамен де, банк аударымы арқылы да, екінші деңгейдегі банктердің немесе «Қазпошта» бөлімшелерінің кассалары арқылы, сондай-ақ Qiwi және Kassa24 терминалдары, Халық банкінің терминалдары және Kaspi.kz мобильдік қосымшасы арқылы төлей аласыз. ЕДБ кассалары арқылы төлеу үшін деректемелерді ӘМСҚ www.fms.kz. сайтынан білуге болады. Әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі қызметтердің кейбір азаматтар үшін қол жетімді болмай қалуының үшінші себебі де бар. Жұмыс беруші карантин шараларына байланысты қызметкерлерді уақытша жалақысыз демалысқа жіберу туралы шешім қабылдап, міндетті медициналық сақтандыру бойынша аударымдарды тоқтатты. Қазіргі уақытта шамамен 4,5 миллион адам жарналарды өздері төлемейді, олар үшін жұмыс беруші төлем жасайды. Есіңізде болар, 20 сәуірден бастап ірі бизнес өз қызметкерлері үшін 1 шілдеге дейін, шағын және орта бизнес 1 қазанға дейін 29 қызмет бағыты бойынша аударымдар төлеуден толық босатылды. Осы кәсіпорындардың қызметкерлері олар үшін аударымдар түскеніне немесе түспегеніне қарамастан, осы кезеңге дейін сақтандырылған болып саналады. Егер сіз міндетті медициналық сақтандыру төлемдерінен босатылған компанияда 1 қазанға дейін жұмыс жасасаңыз да, өзіңіздің сақтандырылған мәртебеңіз жоқтығын білсеңіз, Qoldau 24/7 мобильді қосымшасын жүктеп алуыңыз да, «ШОБ қызметкерлері үшін» қосымша бетін ашып, ұйымыңыздың БСН көрсетіңіз, лауазымға тағайындау туралы бұйрықты жүктеп, сұраныс жіберіңіз. Ол 30 минут ішінде өңделеді. Егер Мемлекеттік кірістер комитетінің деректері бойынша БСН МӘМС төлеуден босатылғандар тізіміне енсе, онда азаматқа 1 күнтізбелік айға сақтандырылған мәртебесі беріледі. Осы уақыт ішінде оның жұмыс берушісі тізімді жаңартуы керек. Ол үшін сіз Мемлекеттік кірістер комитетінің веб-сайтына кіріп, арнайы сілтемені немесе www.msb.fms.kz сілтемесін қарап, ЭЦҚ қолдана отырып, өз қызметкерлеріңіздің деректерін жүктеуіңіз қажет. Атап айтқанда, тізімдерді ай сайын жаңартып отыру керек.

- Карантин жағдайында жұмыссыз қалып, МӘМС үшін жарна төлеуге мүмкіндігім болмаса ше?

- Мұндай жайтты төртінші себеп деуге болады. Мемлекет МӘМС жүйесінің негізгі–ынтымақтастық қағидатын ұстанады және халықтың әлеуметтік әлсіз топтарынан 11 миллион азамат үшін жарна аударады. Бұл–15 жеңілдік санатындағы азаматтар. Оның ішінде балалар, студенттер, көп балалы аналар, жүкті әйелдер және жұмыссыздар. Сондықтан, егер сіз жұмыссыз қалсаңыз және қазіргі уақытта ӘМСҚ-ға жарна төлей алмасаңыз, жергілікті атқарушы орган жанындағы жұмыспен қамту орталығына барып, жұмыссыз ретінде ресми түрде тіркелуіңіз керек. Сонда сіздің мәртебеңіз келесі айдан бастап автоматты түрде «сақтандырылған» болып өзгереді. Бесінші себеп. Мәселен, сіз азаматтардың 15 жеңілдік санатының біріне жатасыз, бірақ бұл туралы білмейсіз дейік. Біраз уақыт жарна төлейсіз, содан кейін объективті себептермен тоқтатасыз. Ал мемлекет сіз үшін жарна төлей алмайды, өйткені сіздің мәртебеңіз автоматты түрде тәуелсіз төлеуші немесе өзін-өзі жұмыспен қамтыған адам болып өзгерді. Мұндайда өзіңіз тіркелген медициналық ұйымыңыздың пациентті қолдау қызметіне жүгінуіңіз керек. Онда қызметкерлер әр жағдайда маршрутты жеке түсіндіреді. Сондай-ақ, Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы арқылы өтініш қалдыруға, 1406 медициналық сақтандыру қорының байланыс орталығына немесе Қордың қалалық филиалына қоңырау шалуға болады. Алтыншы себеп те бар. Бұл—жарналар мен аударымдарды төлеу кезінде деректердің қате көрсетілуі немесе төленген қаржы мөлшерінің жеткіліксіздігі. Ондай жағдайда «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына хабарласып, төлем туралы түбіртектеріңізді ұсынуыңыз керек. Содан кейін қаражатты қайтаруға өтініш жазыңыз және қарыз болған айлар үшін жарналарды қайта төлеңіз.

- Сонда қалай, сақтандырылмаған азаматтар ешқандай тегін медициналық көмек ала алмай ма?

- Олай емес. Егер сіз сақтандырылмаған болсаңыз да, сіз мемлекет кепілдік берген тегін медициналық көмек пакеті аясында медициналық көмек ала аласыз. Учаскелік дәрігер, педиатр, жалпы практика дәрігері мамандарының қабылдауы, дәрігерді үйге шақыру, жедел жәрдем, емхана мен стационар деңгейіндегі шұғыл көмек, әлеуметтік маңызы бар, жұқпалы ауруларды, онкологиялық ауруларды емдеу осы пакетке кіреді және сақтандырылған мәртебесіне қарамастан азаматтардың барлығына тегін көрсетіледі. Осыны етен шығармаған дұрыс.

Валентина ҚОЗЫБАҚОВА

306
Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
Сұхбат денсаулық қоғам
Image placeholder

Маңғыстау Медиа

Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

Алдыңғы жаңалық

Бала құқығын қорғау – ортақ міндет

Келесі жаңалық

Маңғыстау облысында азық-түлік бағасы тұрақты ма?

Пікірлер


    Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
    Жүйеге кіру

    Ұқсас жазбалар

    МӘМС: Көкейдегі сұрақтар

    9 қаңтар, 11:32
    260

    Айларбек ШЫРШЫҚБАЕВ: «Әрдайым алғы шептеміз»

    [ 2020 ] 8 қазан, 15:00
    490

    Коронавирусқа қарсы иммунитетті қалай көтеру керек

    [ 2020 ] 20 тамыз, 11:10
    475

    Медициналық сақтандыру жүйесінде барсыз ба?

    [ 2020 ] 16 тамыз, 13:49
    307

    Р.Бектубаев: «Сын сағатта медициналық қызмет себепсіз үзілмеуі тиіс»

    [ 2020 ] 20 сәуір, 10:23
    915

    Маңғыстау жұрты қандай су ішіп отыр?

    [ 2020 ] 27 ақпан, 15:04
    4596

    Рубрикалар

      Рухани жаңғыру Тағайындау Әдебиет Редакция газеттері Редакция ұжымы Редакция туралы Байланыс мәліметтері анонс Әлем жаңалықтары Сұхбат Жарнама Маңғыстау

    Автордың басқа да жазбалары

    Маңғыстауда тағы 11 адамнан коронавирус анықталды

    Бүгін 10:19
    34

    «Отбасы банкі» зейнетақы жинағы ең көп 4 өңірді атады

    22 қаңтар, 17:50
    319

    Мемлекет басшысы Денсаулық сақтау министрін қабылдады

    22 қаңтар, 16:22
    101

    Ақтаудағы Назарбаев Зияткерлік мектебіне жаңа директор тағайындалды

    22 қаңтар, 15:40
    261

    Азаматтар зейнетақы жинағының бір бөлігін қандай жағдайда пайдалана алады

    22 қаңтар, 14:12
    207

    Облыста инфекциялық стационарда 116 науқас жатыр

    22 қаңтар, 12:06
    137

    Paragraph

    Lorem ipsum dolor sit amet, consectetur adipisicing elit. Ducimus itaque, autem necessitatibus voluptate quod mollitia delectus aut, sunt placeat nam vero culpa sapiente consectetur similique, inventore eos fugit cupiditate numquam!

    Правила сайта ©

    Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

    Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

    Mańǵystaý Media

    mangystaumedia.kz сайтында «Маңғыстау Медиа» ЖШС аясында шығатын облыстық «Маңғыстау» газеті, сондай-ақ қалалық «Жаңаөзен», аудандық «Жаңа өмір», «Рауан», «Ақкетік арайы», «Қарақия», «Мұнайлы» газеттерінде жарияланған материалдар беріліп отырады.

    Редакция

    • Редакция туралы
    • Редакция газеттері
    • Редакция ұжымы
    • Байланыс мәліметтері

    Статистика сайта:

    Яндекс.Метрика

    Сопровождение сайта Mediana

    Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»