• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Сәрсенбi, 27 Қаңт. 2021

Қосымшалар

Редакция +7 (7292) 20 48 34 hat@mangystaumedia.kz
Газеттер
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
    • EXPO - 2017
    • Жаңаөзен - 50 жыл
    • Астана - 20
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Рухани жаңғыру
  • Әдебиет
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Н.Жантөрин театрының директоры тағайындалды...

Түпқарағандық жігіт Венгрияда ұшқыш мамандығын меңгеріп жүр...

Ақтау қалалық мәслихатының І сессиясы өтті...

«Nur Оtan» партиясынан Маңғыстау облыстық мәслихат депутаттарының тізімі жа...

Теңіз жағалауынан өлі үйректер табылды (ФОТО)...

  • USD: 421.98 ₸
  • EUR: 511.61 ₸
  • RUB: 5.61 ₸

Айларбек ШЫРШЫҚБАЕВ: «Әрдайым алғы шептеміз»

[ 2020 ] 8 қазан, 15:00  |  Сұхбат

Адам өміріне қауіп төніп, өмір мен өлім арасында қалса да, басы ауырып, қызулап, кеудесін жөтел қысса да ең бірінші есіне түсері — жедел жәрдем. 103-ті теріп, шақыртамыз да, минутымызды сағатқа теліп, тағатсыздана күтеміз. Алып-ұшып жеткен дәрігерлерге біріміз алғысымызды жаудырып жатсақ, енді біріміз тез жете қоймағанына ренжіп, ашумен шығарып салатынымыз да бар. Сонда да жанымызға желеу болып, жедел жәрдем көлігімен жанұшырып жүретін ақ халатты абзал жандар әрдайым алғы шепте. Қандай жұқпалы ауру бас көтеріп жатса да науқасқа алдымен келіп, басын қатерге тігетіндер де осылар. Жаһанның мен деген ғалымдарын абдыратып, адамзатты әуре-сарсаңға салып тұрған СOVID-19 коронавирустық инфекциясы тарала бастаған шақта аурумен бетпе-бет келген алғашқылар да осы жедел жәрдем қызметкерлері.

Пандемия баяулап, жағдай қалыпқа түскен кезді пайдаланып, Маңғыстау облыстық жедел және шұғыл медициналық жәрдем станциясы директорының міндетін атқарушы Айларбек ШЫРШЫҚБАЕВПЕН сұхбаттасқан едік.

- Айларбек Елтайұлы, жаңа қоныс құтты болсын. Жедел жәрдемнің 23-шағын ауданға көшіп келуіне не себеп? Мекеменің орнықты болуы жұмыс сапасына да әсер етері сөзсіз. Енді осы жерде тұрақтайсыздар ма?

- Әріден қозғасам, 1976 жылы ашылған қалалық жедел жәрдем стансасы өзінің тұрақты орны жоқ, денсаулық сақтау басқармасының әр мекемесінің бос бөлмелерінде жұмыс жасап келгені белгілі. 1-шағын аудандағы орнымыз да ыңғайсыз болды. Көшіп келгенімізбен санитарлық автокөліктер, фельдшерлер мен жүргізушілеріміз сыймай, уақытша 1-шағын ауданда қалып отыр. Онкологиялық диспансер қазір 1-шағын аудандағы жаңа ғимаратына көшіп жатыр. Сол жерде босап қалатын 18 бөлмеден тұратын ғимаратқа бригадаларымыз бен жүргізушілерімізді уақытша орналастырсақ деп отырмыз. Ал басқару осы орталықтан болып қала береді. Жанымыздағы басқарманың орны босайтын болса, онда барлық қызметкерлерімізді осында біріктірсек деген де үміт бар. Мұны уақыт көрсетер. 2018 жылдан бастап бұрынғы Ақтау қалалық жедел жәрдем станциясы Маңғыстау облыстық жедел жәрдем және шұғыл медициналық көмек станциясы болып қайта құрылды. Содан бері облыс бойынша барлық шақыртуларды бір жерден қабылдаймыз. Шақыртулар жеделдік жағынан 4 категорияға бөлінген. 1-категориядағы шақыртуға 12 минутқа дейін, 2-категория бойынша 15 минутқа дейін, 3-сі бойынша 30 минутқа дейін, ал 4-категорияға 1 сағатқа дейін бару керек. Бүкіл Қазақстан бойынша солай.

- Категориялардың айырмашылығына тоқталсаңыз.

- Бұл науқастарға бару жылдамдығын дұрыс зерттеп, сараптап отырудың арқасында тиісті жәрдем неғұрлым тез жетуі үшін жасалған. 1-категория—өмірге қатер төніп тұрған, 12 минуттың ішінде жетпесе, қайғылы жағдай болуы мүмкін деп есептеледі. Бұл жол апаттары, кез-келген жағдайда қан кету немесе құлау, жарақат, бас-ми қан айналымының бұзылуы, миокард инфаркті болуы мүмкін. Оларға шақырту түскен уақыттан бастап жедел жәрдемнің бару уақыты 12 минутқа дейін. 2-категориядағы шақыртуға 15 минут ішінде барып көмек көрсетпесе, өмірге қауіп төнуі мүмкін. 3-категория дегеніміз, науқас 30 минутқа дейін шыдайды деген сөз. Ал 4-категориядағы шақырту Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен бастапқы медициналық ұйымдарға берілді. Өйткені, 4-категорияға енетіндер—бұрыннан созылмалы ауруы бар науқастар. Оларды өз учаскесіндегі дәрігерлер жақсы біледі. Мұндай науқастардың өміріне төніп тұрған ешқандай қауіп жоқ, бірақ медициналық көмек көрсету керек. Шақыртулар осылайша категорияларға бөлінгеннен кейін облыс бойынша медициналық көмек көрсетудің сапасы жақсарды. Қазір біздер әр категория бойынша шақыртулар автоматты түрде бүкіл облыстан түседі орталыққа. Шақыртуды қабылдап отыратын 7 фельдшер науқастарды категорияларға қарай бригадаларға бөледі.

- Жедел жәрдем уақытында келмейді деген шағымдарды естиміз...

- Наурыз айында СOVID-19 вирусына байланысты елімізде төтенше жағдай жарияланып, күрес шаралары басталды. Алайда бұл кезде қарапайым халықты айтпағанда, дәрігерлердің арасында да осы аурудың барына күмәнданушылар болмай қалған жоқ. Өкінішке қарай, маусым айынан бастап вирус күшейіп, халқымыздың басына қара бұлт үйірді. Сол кезде күнделікті түсетін шақыртулар бұрынғы 400-450-дің орнына 1000-нан асып, 2-3 есеге артып кетті. Осы уақытта біздің де кемшін тұстарымыз көріне бастады. 103-ке телефон соққан кезде біздің фельдшерлер телефонды көтермейді деген шағымдар көп болды. Оның себебін зерттеп қарасақ, ол былай. Бүкіл облыс бойынша бар болғаны 7 диспетчер шақыртуларды қабылдап отыр. Барлығының сөйлескендері бағдарлама бойынша жазылып жатыр. Диспетчерлер 2-3 телефонмен сөйлесіп отырады ғой, 7 телефон да істеп тұр. Үстіндегі екі телефон кезекке тұрмай, тұтқаны тастаған кезде байланыс жоғалып кетеді екен. Қайтара соққан кезде номер бос емес болып тұрады. Өйткені, диспетчер кезегі келіп тұрған келесі қоңырауды қабылдап отырады. Тұрғындардың наразылығы осындайдан туындады. АТС-тің ескілігінен келіп тұрған 103 шақырылымдарын кезекке қоя алмай, жоғалып кететінін анықтаған соң бұл мәселені облыс әкімдігінің алдына қойғанбыз. Әкімдік 14 миллион теңгеге заманауи автоматтандырылған телефон станциясын алып беріп, оны карантин кезінде осында орнаттық. Бұл АТСтер қанша шақырту түссе де, үстінде тұрған қоңыраулар кезекке тұрады. Бұрын тек 7 диспетчер қоңырауларды қабылдап, аға дәрігер мен аға диспетчерлер шақыртулардың категорияға бөлінуін, тез берілген-берілмегенін қадағалап отыратын. Қазір сол жұмыс орнын 10-ға көтердік. Ал мына АТСтың бір ерекшелігі—бұл 15 орындық. Біз 10 орынды пайдаланып отырмыз, екі аға диспетчермен 12, бір аға дәрігермен 13 орын болды. Қалған екі орынды кол-орталыққа қалдырып отырмыз. Құдай бетін аулақ қылсын, пандемияның екінші толқыны болатын болса, шақырылымдар санын төмендетіп, дәрігерлерге жүктемені азайту үшін тәжірибелі дәрігерлер кол-орталықта отырып, жедел жәрдем бармай-ақ қоюға болатын науқастарға кеңес беретін болады. Кол-орталықтың номеріне тапсырыс беріп қойдық. Осындағы 3 бригада төменгі шағын аудандарға алғашқы жедел жәрдем көмегін көрсетеді. Ал 26 шағын аудандағы медициналық қалашықта оналасқан 8 бригада 9-30-шағын аудандар тұрғындарын алғашқы медициналық көмекпен қамтамасыз етеді. Облыстық қан орталығы ғимаратында 200 шаршы/метр орын жедел жәрдемге бөлінген. Бұл подстанция тек жоғарғы жаңа шағын аудандарды қамтып отыр. Қазір облыс бойынша 47 бригада шақыртуға шығып тұр. 45 бригада деуге де болады, өйткені екеуі санавиация. Статистика бойынша облыста 705 мың тұрғын бар екен. Денсаулық сақтау министрінің 402-бұйрығы бойынша әр 10 мың адамға бір санитарлық бригада қызмет көрсетуі керек. Сонда бізде норматив сай 71-72 бригада жұмыс істеуі тиіс. Осыны түсінген әкімдік жыл аяғына дейін лизингпен барлығы 52 санитарлық автокөлік алып бермек. Бұлардың келіп қалғаны да, енді келетіндері де бар. Автокөліктердң барлығы келіп болғасын өзімізде қазір жүріп тұрған машиналарды жөндеуден өткізіп, бүкіл облыстың сұранысын өтеуге мүмкіндік болады деп үміттеніп отырмыз. Әйтсе де, аздаған кемшіліктерден де құралақан емеспіз. Мәселен, Бейнеу ауданы 500 км қашықтықа болғандықтан бізден көмек ала алмайды, науқастарды тек санавициямен тасымалдаймыз. Сондықтан Бейнеу ауданының орталығында модулдық жедел жәрдем станциясын салып беруді сұрап отырмыз. Өйткені, біріншіден, қызметкерлерімізге қолайлы жағдай жасауымыз керек. Екіншіден, ол жақтың қысы қатты болатындықтан санитарлық көлік тұратын гараж және көлік жуатын орын керек. Келер жылы бұған да қол жеткіземіз деген үміт те жоқ емес. Сондай-ақ тағы бір айтар мәселе, бұрын жедел жәрдем аудандардағы ауруханалардың құрамында болған. Енді сол аудандардағы бөлінген подстанцияларымыз өгей баланың күйін кешіп жүр. Соларға жағдай жасау үшін ғимараттар іздеп, жолдарын қарастырып жатымыз. Бұл мәселе де шешіледі деп ойлаймыз.

- Пандемия күшіне еніп тұрған уақытта сіздің де провизор бөлімінде болғаныңызды білеміз. Сол ауыр кезеңде қайтыс болғандар да көп болды, халықтың дәрігерлерге де реніші болмай қалған жоқ.

- Пневмония барлық дерлік емдеу мекемелеріндегі кемшіліктердің бетін ашып берді. Маусым айының аяғында аурухананың «Б» блогын повизорға айналдырғанда мен сонда 15 күндей жұмыс істедім. Бірінші соққы сол кезде болды. Ресейден дәрігерлер келіп жатты. Өлім жағдайлары да көбейіп кетті. Ұйымдастырушылық жағынан да, дәрі-дәрмектермен қамту жағынан да олқылықтар болғаны рас. Ерікті жастар көмек көрсетіп жүрді. Дұрысында мұндай жұмысқа жастарды емес, облыстық ауруханада жұмыс істеп жатқан басқа дәрігерлерді де жұмылдыру керек еді. Сонда, бәлкім, шығын көп болмас па еді деп ойлаймын да. Өйткені аурухананың екінші қабатының өзінде 120 науқасқа екі-ақ дәрігер болды. Олар қанша ынталы болса да, күндіз-түні жұмыс істей алмайды. Күн ыстықта үстеріндегі обаға қарсы ыңғайсыз костюмдер, қолдарында екі қабатты қолғаппен тәулік бойы жұмыс жасау қандай азап десеңші. Таңертеңнен кешке дейін бір дәрігер 15 науқасты қарап үлгерер, сөйлесіп, зертхана қорытындыларын қарап, емін өзгертіп, дәрілердің мөлшерін қосып не азайтып деген сияқты жұмыстарды атқара алар. Бірақ бізде ондай мүмкіндк болмады. Эндокринолог та, гематолог дәрігер де, басқалар да кіре алмады. Керек десеңіз, гемодиализ қажет ететін адам түссе және оның короновирусқа көрсеткіші оң болып шықса, баратын гемодиализдің өзі қабылдаудан бас тартты ондай науқастардан. Осындай қиындықтар туғаны өкінішті, әрине. Дегенмен, мұндай жайттардан дұрыс қорытынды шығарамыз деп үміттенемін.

- Екінші толқын бола қалса, өткеннен сабақ алар тәжірибе бар дейсіз ғой. Дайындық та бар шығар? Адам жанын арашалау жолында ерлікпен парапар жұмыс істеген медицицна қызметкерлерін ынталандыру жайын да айта отырсаңыз.

- Екінші толқынның болмағанын тілейміз барлығымыз да. Тап осы уақытта біздегі жағдай жақсы. Алайда, айналадағы елдерге қарасақ, пандемия қайта бас көтеріп, көбейіп келе жатқан сияқты. Сондықтан сақадай-сай отыратын жөніміз бар. Бірінші толқында барлық кемшіліктерімізді білдік, тәжірибе бар. Қорғаныш құралдарымыз да жетклікті. Бұрын болмаған жабдықтар да, дене қызуын алыстан өлшейтін тепловизорлар алынды. Қызметкерлердің барлығы оқытылды. «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ бізге толық жабдықталған 3 автокөлік сыйлады. «Өземұнайгаз» 1 реанимобиль сыйлады. «НКОК» компаниясы 3 газель сыйлады. Айналайын халық та көп көмектесті, дәрігерлерді тамақтаған кісілер да болды. Ал медицина қызметкерлерін ынталандыру жайына келетін болсақ, пандемия болғанда науқастармен алғашқы қарым-қатынаста болғандар осы жедел жәрдем қызметкерлері. Қиын жағдайға қарамастан, сәуір және тамыз айларында 2 окладтан екі рет сыйақы берген облыс әкімдігіне рахмет айтатын орнымыз бар. Короновирус жағдайына байланысты Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен медициналық қызметкерлерге берілетін қосымша үстемақыны медицина қызметкерлері алып отыр. Короновирустың инфекциялық стационарында жұмыс істеп жүрген дәрігерлер, орта және кіші медициналық қызметкерлер 850 мыңға дейін алып отыр. Жедел жәрдем фельдшерлеріне ең төменгі айлық мөлшерінің 10 еселенген, ал жүргізушілерге 5 томенгі айлық көлемі күнделікті корониврусқа қатысуы бойынша төленеді. Осы орайда науқастарды тасып, автокөлікті жуатын кіші медициналық қызметкерлерді де үстемақыдан қалдырмау керек еді деп ойлаймын. 24 сағат жұмыс істеп, шақыртуларды қабылдап отырған диспетчерлеріміз де үстемақысыз қалып отыр. Бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін мекемелердің учаскелік дәрігерлерінің барлығы қызуы көтерілген науқастардың шақыртуларына барады. Симптомсыз короновируспен ауыратын науқастарды қарайды. Сондықтан оларға да үстемақы берілгені дұрыс болар еді. Бұл дәрігерлердің барлығы дерлік пандемиямен ауырып тұрды. Біздің қызметкерлеріміз де ауырды. Шүкір, бәрі де аман. Алайда еліміз бойынша көптеген мамандарымыздан айрылдық. Үстемақы берліген-берілмегеніне қарамастан антына адал дәрігерлерміз ғой, жас шамасына да қарамастан барлығымыз жұмыла жүріп жеңіп шықтық. Осы ынтымақ пен жанкештіліктің арқасында әлі де жеңістерге жете беретінімізге сенемін.

Сұхбаттасқан Валентина ҚОЗЫБАҚОВА

496
Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
Сұхбат қоғам денсаулық
Image placeholder

Маңғыстау Медиа

Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

Алдыңғы жаңалық

Қауіпсіздік – сапаның басты өлшемі

Келесі жаңалық

Балық шаруашылығында мамандар тапшы

Пікірлер


    Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
    Жүйеге кіру

    Ұқсас жазбалар

    МӘМС: Көкейдегі сұрақтар

    9 қаңтар, 11:32
    277

    Айларбек ШЫРШЫҚБАЕВ: «Әрдайым алғы шептеміз»

    [ 2020 ] 8 қазан, 15:00
    497

    Коронавирусқа қарсы иммунитетті қалай көтеру керек

    [ 2020 ] 20 тамыз, 11:10
    480

    Медициналық сақтандыру жүйесінде барсыз ба?

    [ 2020 ] 16 тамыз, 13:49
    309

    Р.Бектубаев: «Сын сағатта медициналық қызмет себепсіз үзілмеуі тиіс»

    [ 2020 ] 20 сәуір, 10:23
    917

    Маңғыстау жұрты қандай су ішіп отыр?

    [ 2020 ] 27 ақпан, 15:04
    4622

    Рубрикалар

      Әдебиет Қоғам Экономика Сұхбат Әлем жаңалықтары Саясат Тағайындау Жаңалықтар Мәселе Фото Астана - 20 Мәдениет

    Автордың басқа да жазбалары

    Ақтау қаласын дамыту бойынша жиын өтті

    Бүгін 17:43
    41

    Облыста дәрі-дәрмек қоры жеткілікті

    Бүгін 17:37
    51

    Марат Шоранов вакцинация кезінде «чиптеу» туралы айтты

    Бүгін 17:10
    44

    Денсаулық вице-министрі коронавирус вакцинасы қалай егілетінін түсіндірді

    Бүгін 16:31
    53

    Зейнетақы жинағын алу: БЖЗҚ-ға алғашқы күні 10 мыңнан астам өтінім берілген

    Бүгін 15:51
    34

    Вакцинация: Маңғыстау облысында 10 егу бөлмесі дайын

    Бүгін 14:41
    85

    Paragraph

    Lorem ipsum dolor sit amet, consectetur adipisicing elit. Ducimus itaque, autem necessitatibus voluptate quod mollitia delectus aut, sunt placeat nam vero culpa sapiente consectetur similique, inventore eos fugit cupiditate numquam!

    Правила сайта ©

    Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

    Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

    Mańǵystaý Media

    mangystaumedia.kz сайтында «Маңғыстау Медиа» ЖШС аясында шығатын облыстық «Маңғыстау» газеті, сондай-ақ қалалық «Жаңаөзен», аудандық «Жаңа өмір», «Рауан», «Ақкетік арайы», «Қарақия», «Мұнайлы» газеттерінде жарияланған материалдар беріліп отырады.

    Редакция

    • Редакция туралы
    • Редакция газеттері
    • Редакция ұжымы
    • Байланыс мәліметтері

    Статистика сайта:

    Яндекс.Метрика

    Сопровождение сайта Mediana

    Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»