• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Сәрсенбi, 27 Қаңт. 2021

Қосымшалар

Редакция
Газеттер
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
    • EXPO - 2017
    • Жаңаөзен - 50 жыл
    • Астана - 20
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Рухани жаңғыру
  • Әдебиет
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Н.Жантөрин театрының директоры тағайындалды...

Түпқарағандық жігіт Венгрияда ұшқыш мамандығын меңгеріп жүр...

Ақтау қалалық мәслихатының І сессиясы өтті...

«Nur Оtan» партиясынан Маңғыстау облыстық мәслихат депутаттарының тізімі жа...

Теңіз жағалауынан өлі үйректер табылды (ФОТО)...

  • USD: 421.91 ₸
  • EUR: 511.57 ₸
  • RUB: 5.59 ₸

Балық шаруашылығында мамандар тапшы

[ 2020 ] 14 қазан, 11:52  |  Сұхбат

Маңғыстау өңірінің байырғы шаруашылықтарының бірі – балық шаруашылығы. Кезінде жергілікті халықтың азығы болған бұл сала бүгінде тұралап тұр. Бұған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та алаңдаулы. Президенттің тапсырмасына сәйкес көнкөрістің негізгі көзі болып саналатын шаруашылықты дамыту бүгінгі күннің басты мәселесіне айналды. Бізде өз кезегімізде Маңғыстау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекция басшысы Ғаббас ДОСАТОВПЕН өңірдегі балық шаруашылығының хал-ахуалы төңірегінде арнайы сұхбат ұйымдастырған болатынбыз.

– Сұхбатымызды облыс­тағы балық шаруашылы­ғының жай­-күйінен бас­тасақ. Өңірде кәсіпкерлер тарапынан осы салаға деген сұраныс қалай?

– Маңғыстау өңірінде балық шаруа­шылығы Каспий теңізімен тікелей бай­ланысты. Теңізде балық түрлері өте көп. Табиғат пайдаланушылар көбіне сазан, табан, ақмарқа, қаракөз, майшабақ және тікенді балық, яғни кефаль аулайды. Бұ­рыңғы жылдары Каспийден ауланатын балық түрлерінің 75%-­ы килька болатын. Бүгінде арнайы кемелердің жоқтығынан килька ауланбайды. Каспий теңізінде балық аулаудың өзіндік ерекшелігі бар. Теңіз бетінде желді ауа райы жиі орын алатындықтан балықтар өтпелі. Наурыз айынан бастап Түрікменстан шекарасы аймағынан кефаль, майшабақ, көксерке балықтары келеді. Осы балықтар Бау­тино аумағынан өткеннен кейін оларды аулау азаяды, себебі теңіздің солтүстік аймақтарында балықтар әр бағытқа ке­теді. Сәуір айынан бастап Жайық өзе­нінің Каспий теңізіне құяр жерінен ақмарқа, сазан, табан, қаракөз және тағы басқа балықтар келіп, маусым айында қайтып кетеді. Жалпы теңізде оңтүстігі Түрікменстан, солтүстігі Атырау облысымен шектесетін 1350 шақырымға созылып жатқан алты балық аулуға арналған ауданымыз бар. Ол аудан­дар 33 учаскеге бөлінген. Қазіргі таңда 25-­і пайдалануға берілді. Ал қалған 8-­і бос жатыр. Балық шаруашылығымен айналысуға ниет білдіріп, осы саланы кәсіп етіп жүрген 18 табиғат пайдала­нушы бар. Табиғат пайдаланушы деп отырғанымыз – кәсіпкерлер. Оларға те­ңіз үстіндегі аудандар облыс әкімінің шешімімен 10 жылға бөлініп берілген. Сонымен қатар квота да бөлініп беріледі. Мәселен, 2019 жылы облыстың табиғат пайдаланушыларына 2500,9 тонна квота бөлініп, 2483,3 тоннасы игеріліп, 99,6 пайызды құрады. 2020 жылдың 1-шілдесі­не дейін 3992,7 тонна бөлініп 3874,894 тоннасы игеріліп, 97%-­ды құрады. Қа­зіргі таңда 2020 жылдың 1 шілдесінен – 2021 жылдың 1 шілдесіне дейін 5878 тонна бөлініп, бүгінгі күні 617,445 тон­насы игеріліп отыр. Кәсіпкерлер аулаған балықтарын сауда орындарына өткізеді. Сонымен қатар арнайы мұздатқыштарда қатырып, қыста да сатуға шығарады. Се­бебі бізде балық аулауға тек 15 наурыз бен 15 қараша аралығында ғана рұқсат беріледі. Осы жерде айта кетейін, балық шаруашылығымен айналысам деген өзге де тұрғындар жоғарыда айтып өткен бос тұрған 8 учаскені алып, пайдаланулары­ на болады. Ол үшін уәкілетті орган кон­курс жариялаған кезде тиісті құжаттарын тапсырулары қажет. Қазіргі таңда минис­трлік тарапынан конкурсты электронды түрде өткізу мәселесі қаралуда.

– Мемлекет бас­шысы Қасым­-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында даму көрсеткіші баяулап қалған балық шаруашылығын жолға қою туралы мәселе көтеріп, тиісті мемлекеттік органдарға арнайы тап­сырма берді. Бұл бағытта қандай іс­-шара атқарып жатсыздар?

– Әрине, Президент тапсырмасы бо­йынша еліміздің 14 өңірі өздерінің таби­ғи ерекшеліктеріне байланысты өңірлік бағдарлама дайындап жатыр. Біз де өз кезегімізде балық шаруашылығын дамы­туға байланысты арнайы жоба әзірлеу­деміз. Жоспарға сай осы жылдың 1 қа­рашасына дейін аталған бағдарлама дайын болуы тиіс. Қазіргі таңда Ақтау қаласының іргесінде орналасқан ерек­ше қорғалатын табиғи аумаққа жататын «Қаракөл» көлі маңынан тоғанды балық шаруашылығын дамыту жөнінде бір кә­сіпкер ұсыныс тастап, жобасы қаралу үстінде. Жобаға сәйкес жыл сайын 30 тоннаға дейін балық өсіру жоспарлан­ған. Тиісті мекемелерден рұқсат беріл­се, аталған тоғанда сазан, кефаль секіл­ді балықтарды өсіру көзделіп отыр. Жалпы біздегі бір мәселе – облыста кә­сіпкерлер тарапынан балық өнімдерін өңдеп, импортқа, экспортқа шығарумен айналысуға сұраныс жоқ. 2016 жылы екі ірі жоба қолға алынған еді. Жоба иеле­рі Каспий теңізінен шарбақты бассейн жасап, балық өсіруді жоспарлаған бола­тын. Кәсіпкерлерге тиісті жерлер де бел­гіленіп берілді. Алайда теңіз табиғаты бассейн жасауға арналған шарбақтар қоюға тиімсіз әрі шығын келтіретін бол­ғандықтан екі кәсіпкер де бас тартты. Ал жоғарыда айтып өткен 18 табиғат пайдаланушының қауқары балық аулап, дүкендерге тапсыруға ғана жетеді. Се­бебі оларда балық аулауға арналған бір­лі­-жарым қайықтар ғана бар. Енді алдағы уақытта балық шаруашылығын дамытуға арналған жобамыз дайын болса, бұл са ланы дамытуға мүмкіндік молаяды деп ойлаймын.

– Шаруашылықтың тұралап тұрғаны сала ма­мандарына да байланысты болар. Мамандар жеткілікті ме?

– Дұрыс айтасыз. Облыста балық ша­руашылығы мамандары жоқ. Ол мәселені үнемі қозғап жүрміз. Бізде көбіне заң­герлер, экологтар, ауыл шаруашылығы мамандары жұмыс жасайды. Сондықтан бізге ихтиолог мамандар ауадай қажет. Биыл аталған мамандықты бітірген екі­-үш түлек келді. Олар мемлекеттік тестен өтсе, жұмысқа аламыз. Жалпы ЖОО-­да балық шаруашылығы мамандығын оқып жатқан облыс жастары бар деп естимін. Оған біз қуанамыз. Әр саланың өз мама­ны болған жақсы ғой. Дайындап жатқан жобамызға да алдағы уақытта мамандар керек.

– Жергілікті тұрғындар тарапынан заңсыз балық аулау фактілері жиі тіркеле ме?

– Балық аулауға арнайы рұқсаты жоқ азаматтар тарапынан да, рұқсаты бар­лардан да заңсыз балық аулау фактілері кездеседі. Рұқсаты бар табиғат пайдала­нушылар көбіне өзге учаскелерден не­месе тыйым салынған аулармен балық аулап заң бұзады. Ондай жағдайда оларға айыппұл салынады. Осы тұста айта кетейін, бекіре балығын аулауға тыйым салынған. Оны балық аулауға рұқсаты бар адамдар да аулауға болмай­ды. Бұрын тұрғындар «Сатып алдым» не­месе «Танымайтын адамнан алдым» деп қолдарында ешқандай рұқсат құжаттары жоқ, көліктеріне салып алып тасымал­дай беретін еді. Енді олай болмайды. Тек дүкеннен барып сатып ала алады. Ал дүкенге арнайы бекіре балығын өсі­румен айналысатын заводтан түседі. Жалпы бекіре балығы көктем айларын­да уылдырық шашады. Сол кезде жолда, теңіз жағаларында тексеру шаралары күшейтіледі. Бекіре тұқымдас балық­тарды заңсыз аулағаны үшін мемлекетке өтейтін шығынның көлемі өте жоғары. Әр килограмының шығыны 100 АЕК­-ті құрайды. Мысалы, заңсыз ауланған 25 кг бекіре балығына 6 945 000 теңге айыппұл салынады. Сонымен қатар ҚР Қылмыстық кодекстің 339-­бабына сәйкес 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған. Сондықтан заңсыз әрекеттерге бармаған дұрыс.

– Облыста балық шаруашылығын дамытуға кері әсер ететін шешімін таппаған мәселелер бар ма?

– Шешімін таппаған мәселе көп. Мәселен, браконьерлердің жолын кесу бойынша қиындықтар туындайды. Об­лыс тұрғындарына қыдыру мақсатында теңізге шығуға рұқсат берілген. Соны пайдаланып кейбір тұрғындар рұқсат қағазды алып, заңсыз балық аулап ке­теді. Олардың теңізге шыққаннан ке­йінгі әрі қарай бағытына нақты бақы­лау жүргізуге мүмкіншілік жоқ, себебі теңізге шығып және қайтып келіп тоқтайтын арнайы айлақ жоқ. Мысалы, Түпқараған ауданының Баутино кенті­нің жағалауында 50-­ге жуық «Байда» қайығы бар, осы қайықтардың иелері те­ңізге қыдыруға шығуға деп рұқсат алады да, нақтысында браконьерлікпен айна­лысады. Оларды бақылау мүмкін емес, әр қайық әр жағалауға келіп тоқтайды. Осыған байланысты Баутино кентінің жағалауынан арнайы айлақ салу қажет. ҚР Шекара туралы заңына сәйкес жер­гілікті атқарушы орган суда өздігінен жүзетін және өздігінен жүзбейтін су кө­лігі құралдарына арнайы айлақтармен қамтамасыз етуі тиіс. Бірақ бұл мәселе күні бүгінге дейін шешімін таппай ке­леді. Екінші мәселе – жоғарыда аталған «Байда» қайықтары қыдыру мақсатына арналмаған суда жүзу құралы, арнайы құтқару құралдарымен жабдықталмаған қолдан жасалған қайықтар. Ол – адам өміріне қауіпті. Ертең қайғылы оқиға орын алса кім жауап береді? Сондық­тан бұл қайықтарды қыдыру мақсатына пайдалануға тыйым салу керек. Инс­пекция осы жөнінде жоғарғы тұрған уәкілетті органдарға ұсыныспен шық­ты, қазіргі таңда бұл мәселе қаралуда. Үшіншіден, біздің теңіз жағасында ор­наласқан инспекцияларымыздың арна­йы тұрақтайтын ғимараты жоқ. Сондық­тан олар ғимаратты жалға алуға мәжбүр. Бөлім қызметкерлеріне арналған кеңсе ғимараттарын салу – күні бүгінге дейін шешілмей келе жатқан мәселе. Соны­мен бірге инспекцияны соңғы үлгідегі теңізде тез жүзетін катерлермен, жүр­дек автокөліктермен қамтамасыз ету мәселесі де шешімін таппай отыр. Ал 18 табиғат пайдаланушы тарапынан өрескел заң бұзушылықтар жоқ. Кас­пий теңізіне келетін болсақ, балықтарға қауып төніп тұр деп айтуға негіз жоқ. Балықтар өсіп жатыр. Арнайы квота бо­йынша игерілуде.

– Сұхбатыңызға рақмет!

Айгүл ОРЫНБАЕВА

478
Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
Сұхбат қоғам
Image placeholder

Маңғыстау Медиа

Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

Алдыңғы жаңалық

Айларбек ШЫРШЫҚБАЕВ: «Әрдайым алғы шептеміз»

Келесі жаңалық

«Жүргенге жөргем ілінеді» - Қасиетті сапар

Пікірлер


    Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
    Жүйеге кіру

    Ұқсас жазбалар

    МӘМС: Көкейдегі сұрақтар

    9 қаңтар, 11:32
    271

    Үлескер болу үшін...

    1 қаңтар, 10:30
    295

    Қазақстанда әлеуметтік саладағы волонтерлерге сұраныс жоғары - Азамат Жұмағазы

    [ 2020 ] 7 желтоқсан, 10:40
    273

    Балық шаруашылығында мамандар тапшы

    [ 2020 ] 14 қазан, 11:52
    479

    Айларбек ШЫРШЫҚБАЕВ: «Әрдайым алғы шептеміз»

    [ 2020 ] 8 қазан, 15:00
    493

    Маңғыстау облысында азық-түлік бағасы тұрақты ма?

    [ 2020 ] 23 қыркүйек, 15:08
    378

    Рубрикалар

      Анықтама бюросыМаңғыстау жаңалықтарыДенсаулықАуыл өміріАшық қоғамФотоEXPO - 2017ЭкономикаЖастар бетіҚазақстан жаңалықтарыЖаңаөзен - 50 жылАудан тынысы

    Автордың басқа да жазбалары

    Томас Бах: Олимпиада уақытында өтеді

    Кеше 17:05
    69

    Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізді

    Кеше 16:02
    67

    Маңғыстауда кеше 6 адам коронавирустан жазылды

    Кеше 15:25
    54

    Коронавирусқа қарсы вакцинация: Қайда, қалай, қашан

    Кеше 14:40
    87

    Қазақстандық вакцинаны салдырамын – Қасым-Жомарт Тоқаев

    Кеше 13:17
    83

    Қ. Тоқаев әкімдерге: Вакцинация мәселесінде дүрбелеңге жол бермеу керек

    Кеше 11:22
    78

    Paragraph

    Lorem ipsum dolor sit amet, consectetur adipisicing elit. Ducimus itaque, autem necessitatibus voluptate quod mollitia delectus aut, sunt placeat nam vero culpa sapiente consectetur similique, inventore eos fugit cupiditate numquam!

    Правила сайта ©

    Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

    Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

    Mańǵystaý Media

    Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

    Редакция

    • Редакция туралы
    • Редакция газеттері
    • Редакция ұжымы
    • Байланыс мәліметтері

    Статистика сайта:

    Сопровождение сайта Mediana

    Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»