• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Бейсенбi, 21 Қаңт. 2021

Қосымшалар

Редакция
Газеттер
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
    • EXPO - 2017
    • Жаңаөзен - 50 жыл
    • Астана - 20
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Рухани жаңғыру
  • Әдебиет
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Ақтау қалалық мәслихатының І сессиясы өтті...

Қала тұрғындары сайлауда белсенділік танытып жатыр...

Теңіз жағалауынан өлі үйректер табылды (ФОТО)...

«Nur Оtan» партиясынан Маңғыстау облыстық мәслихат депутаттарының тізімі жа...

Маңғыстау облыстық мәслихаттың алғашқы сессиясы өтті...

  • USD: 418.67 ₸
  • EUR: 507.64 ₸
  • RUB: 5.71 ₸

Маңғыстау облысында азық-түлік бағасы тұрақты ма?

[ 2020 ] 23 қыркүйек, 15:08  |  Сұхбат

Халыққа бірінші кезекте керек өнім – сапалы азық-түлік. Бұған Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында нақты басымдық берді. Сонымен қатар бағаның негізсіз өсуі де басты назарда. Маңғыстау облысында азық-түлік бағасы тұрақты ма? Бұл сұраққа ҚР Ұлттық экономика министрлігі, Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің талдау бөлімі басшысы Бақтияр Тұраров жауап берді.

– Қазіргі жағдайда тұрғындарды алаң­датып отырған өзекті мәселе – азық-­түлік бағасының қамбаттауы. Қарапайым халық бұл тұрғыда жергілікті атқарушы органдарды кінәлайтыны айдан анық. Шын мәнінде, саудагерлер қандай да бір тауарға баға қоярда сіздерге тәуелді ме?

– Иә, расымен де сауда орындарында ба­ға көтерілсе, әсіресе азық­-түлікке келгенде ол жағдай тұрғындарға біршама әсер етеді. Жалпы бағаның өсуін, түсуін облыстық ста­тистика департаменті қадағалайды. Олар сауда нысандарын аралап, бағаның өсу, түсу пайызын анықтайды. Сосын олар бұл ақпаратты өздерінің ресми сайттарында жариялайды. Жариялаған ақпараттарына сәйкес бағаны қадағалап отырады. Егер саудагер тауардың бағасын белгіленген бағадан арттырса департамент бірден жер­гілікті атқарушы органға хабарлайды. Олар да сол бойынша тексеріс жүргізеді. Егер баға, шын мәнінде, алдыңғы аймен салыстырғанда заңсыз көтерілген болса кәсіпкерді әкімшілік жауапкершілікке тар­тады. Бұл жерде тағы бір нәрсені білуіміз керек. Үкіметтің бекіткен қаулысы бойын­ша 19 әлеуметтік маңызы бар азық­-түлікке әр өңірде әртүрлі шектік баға белгіленген. Егер саудагерлер сол әлеуметтік азық­-түлікті шектік бағадан асырып сатқан жағдайда да әкімшілік жауапкершілікке тар­тылады. Ал өзге азық-­түлік өнімдеріне, мы­салы сыр, шұжық, йогурт т.б. оларға шектік баға жоқ. Себебі олардың түрлері өте көп және бәсекелестік те дамыған. Ал маңызды әлеуметтік азық­-түліктердің түрлері көп емес. Сондай­-ақ ол көбінесе отандық өнім болып саналады. Бір сөзбен айтқанда олар халыққа қолжетімді болуы қажет.

– Жаңа бір сөзіңізде «бәсекелестік» деп айтып өттіңіз. Бәсекелестіктің өзі тауар бағасының арзандауына біршама әсер етеді ғой. Осы тұрғыда жергілікті кәсіпкерлер арасында бәсекелестік қаншалықты даму­да?

– Біздің негізгі міндетіміз де осы – кәсіп­керлер арасындағы бәсекелестікті шектеуге жол бермеу. Бәсекелестік дамыған сайын азық-­түлік, басқа да тауарлардың бағасы арзандайды. Мысалы, ұн өнімін алатын болсақ бір кәсіпкер оны екі мыңнан сатуы мүмкін, ал екінші кәсіпкер үш мыңнан са­туы мүмкін. Бұл ретте тұрғындар арзан жерден алуға тырысады. Соның нәтижесін­ де қымбатқа сатып отырған кәсіпкер ұн бағасын түсіруге мәжбүр болады. Міне, бәсекелестік осы жерде үлкен рөл ойнайды. Жалпы бағаның тұрақтылығына статистика департаментінің мәліметі негізгі ақпарат болып саналады. Себебі олар апта сайын мониторинг жүргізіп отырады. Қандай да бір заң бұзушылық орын алған жағдайда ол жергілікті атқарушы органға хабарлай­ды. Олар да барып тексереді. Тексеру ба­рысында саудагердің салық заңнамасын бұзғандығын анықтаса, ол мәселені салық органына жібереді. Ал бәсекелестікті шек­теу мәселесін анықтаса біздерге хабарлай­ды. Бәсекелестікті шектеу дегеніміз не? Осы сұраққа жауап беріп кетейін. Бәсекелестікті шектеу – бағаның барлық жерде бірдей бо­луы. Оны бірнеше кәсіпкер бірігіп, келісіп жасауы мүмкін. Бір өнімге қымбат баға қояды және оны барлық жерде сол бағамен сатады. Нәтижесінде халықта таңдау бол­май қалады да қымбат бағаға алуға мәжбүр болады. Кәсіпкерлердің бұл әрекеті заңсыз. Себебі баға әр жерде әртүрлі болып ойнауы керек. Халықта таңдау мүмкіндігі болу ке­рек. Бұл әрекетті тұрғындар байқаса, бірден бізге келіп хабарлауға толық құқы бар. Одан кейін белгілі бір тауар өндірумен айналыса­тын немесе сауда нүктесіне жеткізіп беретін кәсіпкерге қысым жасалуы мүмкін. Яғни та­уарды орналастыруда кейбір сауда нүктелері бірдей жағдай жасамайды. Мысалы, қаймақ өндіретін бір өндірушіге супермаркет немесе дүкендерде үлкен бір сөре беріледі де, ал екінші бір қаймақ өндіретін өндірушіге кіш­кентай орын беруі мүмкін немесе оның тау­арын төменге қойып тастауы мүмкін. Одан кейін тағы да бір мынадай жағдайлар жиі орын алады. Мысалы, жұмыртқа өндіретін бір өндіруші барлық сауда нүктелерімен келісім жасап алады да, тек өз өнімін сату­ды өтінеді және сол үшін сауда нүктесінің иесіне сыйақы да береді. Ол жағдайда өзге жұмыртқа өндіретін өндіруші нарыққа кіре алмай қалады. Себебі оның тауарын ешкім алмайды. Бұл да бәсекелестікті шектеу бо­лып саналады. Осындай әрекеттер болған жағдайда бізге жергілікті атқарушы ор­ган барлық ақпаратты жолдайды немесе тұтынушы осындай жағдайға тап болса бізге хабарласуға мүмкіндігі бар. Біздер ол бойынша арызды, өтінішті қараймыз. Орын алған келеңсіз жағдайдың жолын кесу мақсатында дер кезінде шара қолданып, бастапқы қалпына келтіреміз. Соның нәтижесінде баға да тұрақты болады неме­се түседі.

– Мемлекет басшысы қыркүйек айында­ғы Жолдауында азық-­түлік бағасының не­гізсіз өсуіне жол бермеу керектігін айтып өтті. Бұл жағдай бойынша қандай нақты іс­ шаралар атқарылуда?

– Президенттің Жолдаудан бөлек ка­рантин кезеңінде де азық­-түлік бағасын негізсіз көтермеуге байланысты бірқатар тапсырмалары болды. Ол бойынша жер­гілікті атқарушы органдармен бірлесіп арнайы штат құрдық. Азық-­түлік өнім­дерінен бөлек дәрі-­дәрмек өнімдерінің бағасына да тексеру жүргіздік. Бағаның тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында кәсіпкерлермен кездесіп, сауда нысандарын аралап, түсіндіру жұмыстарын жүргіздік. Сонымен қатар қала көлеміндегі бірқатар супермаркеттердің өнім тасымалдаушы кәсіпкерлерге арналған келісім шарттары­на өзгерістер енгіздік. Супермаркеттердің шарттары бойынша жеткізуші кәсіпкерлерге арнап «ретро бонус» енгізіп қойған. Яғни «сенің тауарыңды өткізгенім үшін маған қосымша ақы төлейсің» деген секіл­ді, бір сөзбен айтқанда супермаркет иелері тауарды халыққа өткізгені үшін жеткізуші кәсіпкерден сыйақы алады. Бұл айналып келгенде тауар бағасының өсуіне әкеліп соғады. Яғни жеткізуші кәсіпкер минусқа кірмеуі үшін әкелген тауарын қымбатқа сатуға мәжбүр болады. Осындай қосымша талаптардың барлығын алдырттық. Сол арқылы жеткізушілерге шығын азаяды жә­не олар бағаны түсіреді немесе сол бағаны ұстап тұрады. Яғни оларға қысым жоқ. Бірақ біз бір ескертумен тоқтап қалмаймыз. Қазіргі таңда барлық супермаркеттердің келісім шарттарын қолымызға алдық. Егер бұл бонустарды әлі де пайдаланып отырған супермаркеттер болса, тергеп-­тексеруді жалғастыра береміз.

– Бағаны негізсіз өсіру жергілікті кәсіп­керлер тарапынан қаншалықты жиі орын алады?

– Жалпы бағаның өсімі бойынша кәсіп­керлерге 50-­ден астам хабарлама жіберіл­ді. Алайда облыста азық-­түлік бағасын өсіру өзге өңірлерге қарағанда сирек орын алады. Неге десеңіз, бізде өндіру аз. Ауыл шаруашылығының дамуы да баяу жүруде. Бағаның өсімі көбінесе логистикаға бай­ланысты. Тауар әкелінетін өңірде бағаның өсімі болса, бізде де өсім болады. Себебі тауар сол жақтан келеді. Кейде ол жерде жеткізуші кәсіпкерлердің де кінәсі жоқ. Мысалы, Ираннан, Ресейден де қымбатқа келуі мүмкін. Бағаның өсіміне байланысты хабарлама, ескерту жіберген кезде барлық кәсіпкерге біздің бірінші қоятын сұрағымыз: Не үшін? Неліктен? Егер бағаның өсуі негізді болса, кәсіпкердің дәлелі болу ке­рек. Біз ондай жағдайда тауардың жеткізу шартын қараймыз. Егер рас болса, жеткі­зуші кәсіпкерге шығамыз. Олар өндіруші кәсіпкерден қымбат бағаға алған болса, сол өндіруші кәсіпорын орналасқан облыстың жергілікті атқарушы органдарына хабарла­самыз. Егер баға өсімі заңды болған жағ­дайда оны толығымен себеп­-салдарларын жазып өтініш иесіне жауап береміз немесе министрлікке осындай ахуал туындауда деп хабарлаймыз. Одан кейін ол мәселе респу­блика деңгейінде шешіледі.

Қазіргі таңда Президенттің шағын және орта бизнесті тергеп-­тексеру шараларына 3 жылға мораторий жариялады. Десе де кәсіпкерлер бұл ретте заңсыз әрекеттерге бармауы керек. Өз кәсіптеріне жауапкер­шілікпен қарау керек. Біздің жұмысымыз кәсіпкерлермен тікелей байланыста бол­ғандықтан, ұдайы бақылауда ұстап отыра­мыз.

– Карантин шаралары баға өсіміне қан­шалықты әсер етті?

– Біздің облыс төтенше жағдай кезінде аяқ асты баға өсу әрекеттеріне тап болғаны рас. Бірақ ондай заңсыз әрекеттерге дер кезін­де тосқауыл болдық. Сондықтан алдағы уақытта да негізсіз баға көтерілсе, дер кезін­де ол әрекеттерді жоюға толық мүмкіндігіміз бар. Осы тұста мысал келтіре кетсем, каран­тин кезінде 10 кәсіпкер бірдей уақытта анти­септик, бетперде, парацетамол т.б. халыққа ең керекті медициналық құралдардың, дәрі­ дәрмектердің бағасын көтеріп жіберген. Біз ол жағдайдың заңсыз екенін анықтап, хабар­лама жібердік. Нәтижесінде ол дәріханалар заңсыз әрекеттерін тоқтатты. Себебі олар бағаны не себепті өсіргендігін дәлелдей ал­мады. Азық-­түлік бойынша да заңсыз өсімге жол берген кәсіпкерлер болды. Әсіресе ма­карон өнімдерінің бағасын көтерген. Ол бойынша да жеке кәсіпкерлерге хабарлама жіберіп, заңсыз әрекеттерді тоқтаттық. Осы ретте тұрғындарға айтарым, баға өсіміне байланысты қандай да бір заңсыз жағдайға тап болсаңыздар, міндетті түрде жауапты органдарға хабарласу қажет дегім келеді.

– Сұхбатыңызға рақмет!

Айгүл ОРЫНБАЕВА

371
Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
Сұхбат Қоғам
Image placeholder

Маңғыстау Медиа

Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

Алдыңғы жаңалық

Медициналық сақтандыру жүйесінде барсыз ба?

Келесі жаңалық

Өңірдегі ауыл шаруашылығының даму қарқыны қалай?

Пікірлер


    Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
    Жүйеге кіру

    Ұқсас жазбалар

    МӘМС: Көкейдегі сұрақтар

    9 қаңтар, 11:32
    248

    Үлескер болу үшін...

    1 қаңтар, 10:30
    284

    Қазақстанда әлеуметтік саладағы волонтерлерге сұраныс жоғары - Азамат Жұмағазы

    [ 2020 ] 7 желтоқсан, 10:40
    268

    Балық шаруашылығында мамандар тапшы

    [ 2020 ] 14 қазан, 11:52
    469

    Айларбек ШЫРШЫҚБАЕВ: «Әрдайым алғы шептеміз»

    [ 2020 ] 8 қазан, 15:00
    485

    Маңғыстау облысында азық-түлік бағасы тұрақты ма?

    [ 2020 ] 23 қыркүйек, 15:08
    372

    Рубрикалар

      Ауыл өміріEXPO - 2017СаясатРедакция газеттеріБайланыс мәліметтеріДенсаулықТағайындауЖастар бетіРухани жаңғыруАнықтама бюросыӘдебиетЭкономика

    Автордың басқа да жазбалары

    Жемқорлықтың алдын алу шаралары маңызды

    Кеше 18:16
    54

    COVID-19-дың симптомсыз түріне шалдыққандар қауіпті – маман пікірі

    Кеше 17:22
    65

    Облыста кеше 4 адам коронавирус инфекциясынан жазылды

    Кеше 16:02
    51

    Зейнетақы жинақтарын қалай тексеруге болады

    Кеше 15:21
    88

    Ақтауда дүниеге келген төртем үйге шығарылды

    Кеше 14:12
    132

    Мұнайлыда шақпақ қант шығаратын цех жұмыс істейді

    Кеше 11:55
    109

    Paragraph

    Lorem ipsum dolor sit amet, consectetur adipisicing elit. Ducimus itaque, autem necessitatibus voluptate quod mollitia delectus aut, sunt placeat nam vero culpa sapiente consectetur similique, inventore eos fugit cupiditate numquam!

    Правила сайта ©

    Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

    Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

    Mańǵystaý Media

    Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

    Редакция

    • Редакция туралы
    • Редакция газеттері
    • Редакция ұжымы
    • Байланыс мәліметтері

    Статистика сайта:

    Сопровождение сайта Mediana

    Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»