• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Сәрсенбi, 27 Қаңт. 2021

Қосымшалар

Редакция +7 (7292) 20 48 34 hat@mangystaumedia.kz
Газеттер
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
    • EXPO - 2017
    • Жаңаөзен - 50 жыл
    • Астана - 20
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Рухани жаңғыру
  • Әдебиет
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Н.Жантөрин театрының директоры тағайындалды...

Түпқарағандық жігіт Венгрияда ұшқыш мамандығын меңгеріп жүр...

Ақтау қалалық мәслихатының І сессиясы өтті...

«Nur Оtan» партиясынан Маңғыстау облыстық мәслихат депутаттарының тізімі жа...

Теңіз жағалауынан өлі үйректер табылды (ФОТО)...

  • USD: 421.91 ₸
  • EUR: 511.57 ₸
  • RUB: 5.59 ₸

Өңірдегі ауыл шаруашылығының даму қарқыны қалай?

[ 2020 ] 2 қазан, 10:28  |  Сұхбат

© Талант ҚҰСАЙЫН

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қыркүйек айындағы Жолдауында ауыл шаруашылығына кеңінен тоқталды. «Ауыл шаруашылығын дамытпай, бәсекеге қабілетті экономика құру мүмкін емес», – деді ол өз сөзінде. Сонымен қатар әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларымен өзімізді толық қамтамасыз ету, миллиондаған ауыл тұрғындарының табысын арттыру, еңбек өнімділігін екі жарым есе көбейту, агроөнеркәсіп кешені өнімінің экспортын екі есе ұлғайту мәселесіне де ден қойды. Ал бұндай өзгерістерге Маңғыстау облысының шаруалары дайын ба? Жалпы өңірдегі ауыл шаруашылығының даму қарқыны қалай? Осы сұрақтарға облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Серік Қалдығұл жауап берген еді.

- Алдымен сұхбатымызды жергілікті шаруалардың жай-күйінен бастасақ. Ауыл шаруашылығының даму қарқыны қалай?

- Жасыратыны жоқ, Маңғыстау облысының ауыл шаруашы­лығы өзге өңірлермен салыс­тырғанда төмен деңгейде. Дегенмен өңірде мал шаруашылығы атадан қалған дәстүріміз ғой. Бір қуантарлығы бүгінгі таңда жергілікті тұрғындар осы салаға ден қоюда. Шаруашылықпен айналысып, мал санын көбейткісі келетін кәсіпкерлерге қазіргі таңда малды өзге өңірлерден әкелу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Себебі облыстағы шаруалар бір-­бірінен сатып ала беретін болса, онда мал саны көбеймейді. Сонымен қатар сырт­тан асыл тұқымды мал әкеліп, асылданды­ру керек. Сонда ғана ет, сүт өнімдерінің сапасы артады. Мал басы да көбейеді. Тұқымдары жақсарады. Біздің облыстың өзіндік табиғи ерекшелігі бар. Су жоқтың қасы. Бұл мәселелер мал бағуда кедер­гілер келтіреді. Дегенмен мал өсіруге де­ген жастарымыздың құлшынысы жоғары. Ата кәсіпті жалғастыруға ниетті. Қазіргі уақытта көп адамдар қаражаттарын осы салаға салып жатыр. Бүгінде облыста 650 мыңдай мал саны бар. Сиыр малы – 23, қой­-ешкі – 450, жылқы – 90, түйе 72 мыңды құрап отыр. Былтырғыға қарағанда 6-­7%­-ға өсім бар.

- Ел Президенті осы Жолдауында агроөнеркәсіп саласында өнім экспортын екі есеге арттыруды тапсырды. Облыс шаруаларының өнім өндіріп, экспортқа шығаруға мүмкіндіктері бар ма?

- Облыста қазіргі таңда ауыл шаруашы­лығы өнімдерін эскпортқа шығаруға мүм­кіндік жоқ. Себебі біз әлі ішкі өніммен өзімізді толық қамти алмай отырмыз. Өңір­де жылына 6 мың тона ет, 5 мың тонна сүт өндіріледі. Бұл – өте төмен көрсеткіш. Статистикаға сүйенер болсақ, облыс тұр­ғындарын ет өнімімен 36%-­ға ғана қамтамасыз етіп отырмыз. Мемлекет басшысы Жолдауда экспортты, еңбек өнімділігін арт­тыруды тапсырды. Алайда біз бұл бағытта қауқарсызбыз. Бізде осы күнге дейін Бей­неудегі астық терминалынан өндірілетін ұн өнімі ғана экспортқа шығып келді. Бірақ елімізде орын алған пандемия жағдайына байланысты аты аталған кәсіпорын бы­лтыр сыртқа өнім шығаруды тоқтатты. Еңбек өнімділігіне келер болсақ, ауыл шаруашылық саласындағы облыс шаруа­лары биыл 20 миллиард өнім өндірген екен. Бұның ішінде ет, сүт, жұмыртқа, тері, жүн, балық шаруашылығы да бар. Осыдан 3 жыл бұрын 16 миллиардты құ­раған еді. Жылдан­-жылға өсім бар. Бірақ қаржылық жағдайға шаққанда үлесіміз өте төмен, 0,6%­-ды құрап отыр. Дегенмен бар мүмкіндігімізді салып, жұмыс жасауда­мыз.

- Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығына берілетін субсидия мәселесіне де тоқталды. Бұл да – шаруа қожалықтарын ынталандыру мен дамытуда керек құрал. Осы орайда облыс кәсіпкерлері өздеріне тиісті субсидияны алып жатыр ма?

- Әрине, шаруа қожалықтарына біз міндетті түрде субсидия береміз. Мәселен, өз қаражаттарына шаруаларына керекті құрылғылар алса немесе өзге өңірлерден ірі қара, ұсақ мал әкелсе, сондай-­ақ малды суаруға арналған құдық қаздырғандарға да қаржылық қолдау көрсетеміз. Яғни қал­таларынан шыққан шығынның 50%-­ын қайтарып береміз. Бізде сүт өнімдерін шығаратын «Ағарған» зауыты бар. Кәсіп иесі аталған зауытты ашуға көп қаржы жұмсады. Біз оларға шыққан шығынның 300 миллионын қайтарып бердік. Со­нымен қатар мал өсіріп, көбейткісі ке­летін кәсіпкерлерге ауыл шаруашылығы қаржылай қолдау қоры және агронесие корпорациясы арқылы 6%, 4%-­бен 7 жылға дейін шағын несиелер береміз. Оның ақшасын банк секілді бірден қайтаруды талап етпейміз. Бірінші алған малының төлін алып, көбейтуге мүмкіндік бе­реміз. Осы шағын несиелерге Маңғыстау ауданы, Шайыр ауылы тұрғындарының сұранысы өте жоғары.

- Облыстағы мал шаруашылығымен айналысатын тұрғындардың басты мәселесінің бірі – жалға алған жерлерінде электр желілерінің болмауы. Мәселен, мұздатқыш болмағандықтан түйе, сиыр, ешкі сүттерін, шұбат және жаңа сойылған ет өнімдерін ұзақ мерзімге сақтай алмайды. Өз қаражаттарына тоқ жүйесін тартуға көп шығын керек. Мемлекет тарапынан бұл мәселені шешу жолдары қарастырылған ба?

- «Бизнестің жол картасы – 2025» биз­несті қолдау мен дамытудың мемлекет­тік бағдарламасы бойынша бұл мәселені шешуге болады. Алдымен шаруа иесі электр желісін тарту бойынша жобалық сметалық құжатын дайындайды. Ол құ­жатты облыстық кәсіпкерлік және сауда басқармасына тапсырады. Сосын арнайы комиссияның шешімімен бұл мәселе қаралып, жауабы беріледі. Бірінші ке­зекте ол шаруашылықтың облыстағы маңыздылығына баса назар аударамыз.

- Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл еңбеккерлерінің ауыр жұмысы тым арзанға бағаланып жатқанын алға тартып, шаруашылықтарға шикізат сатып алу, өнім өндіру және оны сатуды ұйымдастыру барысында күш жұмылдыруға мүмкіндік беретін кооперация құрып, оның жұмысын жандандыру керектігін айтты. Осы тұста облыс шаруаларының өзара кооперация құруға мүмкіндіктері бар ма?

- Бұрын Кеңес үкімітінің кезінде «Совхоз» деген ұғым болды. Яғни бірнеше шаруашылықтың біріккен ұйымы. Ол ұйым өз кезіңінде шаруаларға өте ыңғайлы еді. Жұмыссыздық мәселесі де болған жоқ. Ал қазіргі таңда шаруалар жекешеленіп кетті. Енді олардың басын қайта біріктіріп, қазіргі тілмен айтқанда кооперация құру қиынға түсуде. Себебі бізде мал шаруашылығымен айналысатын шаруалар бір-­бірінен қашық орналасқан. Негізінде ауыл шаруашылығын дамы­туда Мемлекет басшысы айтып өткен кооперацияның маңызы өте зор. Мәселен, бірі тек ет өнімдерін, енді бірі шұбат, сүт, тағы бірі тері өңдеу, жүн жинау секілді жұмыстармен айналысып, бір ұйым болып біріксе еңбек өнімділігі де артар еді. Бұл бағыт бойынша яғни кооперация құрып, шаруалардың мәселесін шешу бойынша біз алдағы уақытта да жұмыс жасай бе­реміз.

- Жолдауда ауыл шаруашылығы жерлерін толыққанды экономикалық айналымға енгізу туралы тағы бір мәселе көтерілді. Маңғыстау өңірінде ауыл шаруашылығына арналған пайдаланылмай, бос жатқан жерлер бар шығар?

- Әрине, бар. Үстірттің үсті бос жатыр ғой. Қазіргі таңда үстіртте мал шаруашылығы­ мен айналысып жат­қан адамдар бар. Бірақ аз. Осыған байланыс­ты алдағы уақытта облыс әкімінің қаты­суымен жүрмелі жи­налыс болады. Мал шаруашылығымен ай­налысқысы келетін жергілікті тұрғындарға Үстірттің бос жатқан жерлеріне өз шаруа­шылықтарын ашуға, мал бағуға қолайлы екенін түсіндірмекпіз. Үстірттің үсті мал жаюға, суаруға өте ың­ғайлы. Мал құрттамай­ды керісінше семіреді, күйленеді. Одан бөлек таза су тегін. Бұрын аталарымыз жаз жайлауда қырға (Үстірт) көшетін еді. Жердің құнарын біліп көшкен. Сондықтан ол жақта бос жатқан жерлерді игеріп, пай­дасын көруіміз керек.

- Сұхбат барысында облыстағы ауыл шаруашылығын дамытуға байланысты бірқатар кедергілер бар екенін білдік. Бұдан бөлек жиі орын алатын тағы қандай мәселелер бар?

- Бізде шешілмей тұрған – жем­шөп мәсе­лесі. Сырттан келетін тасымал қымбат. Соның салдарынан жем­шөптің бағасы да қымбатқа шығады. Ал өзге өңірлерде біз­ге қарағанда екі есе арзан. Сонымен қатар тағы бір мәселе – жүн, тері өнімдерінің ысырап болуы. Бізде оны өңдейтін зауыт жоқ. Соның салдарынан қаншама құнды өнімдер далаға тасталып немесе өртеліп жатыр. Өнім өңдейтін зауыттардың бол­мауы салдарынан өзімізден шыққан өнімді сыртқа шығаруға тіптен мүмкіндік жоқ. Одан бөлек, ағзамызға өте пайдалы шұбат өндірісі де бізде ақсап тұр. Мәселен, статистикалық мәлімет бойынша облыста жылына 30 мың тонна түйе сүті өндіріледі. Бұл да – төмен көрсеткіш. Жаз айларын­ да шұбат көп мөлшерде болады, ал қыста жоқтың қасы. Бұл бағаға да әсер етеді. Жазда арзан, қыста қымбат. Сондықтан шұбат өндіретін зауыт керек. Бір сөзбен айтқанда қазіргі таңда облыстағы ауыл шаруашылығының даму деңгейі ойы­мыздан шығып жатқан жоқ. Шаруаны дамыту үшін көбірек өнім өндірілу ке­рек. Жылыжайларымызды көбейту ке­рек. Тамшылап суару әдісін қолға алсақ, одан алынған өнім де сапалы болмақ. Өнім көбейген сайын баға да түседі. Бә­секелестік дамиды. Мал басын асылдан­дыруды қолға алуымыз керек. Бұл бойын­ша да шаруаларға түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз.

- Сұхбатыңызға рақмет!

Айгүл ОРЫНБАЕВА

409
Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
Сұхбат маңғыстау жаңалықтары
Image placeholder

Маңғыстау Медиа

Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

Алдыңғы жаңалық

Маңғыстау облысында азық-түлік бағасы тұрақты ма?

Келесі жаңалық

Қауіпсіздік – сапаның басты өлшемі

Пікірлер


    Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
    Жүйеге кіру

    Ұқсас жазбалар

    ЭКСПО 2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесіне еріктілер қалай іріктелініп алынды?

    [ 2017 ] 14 маусым, 05:26
    1157

    Үлескер болу үшін...

    1 қаңтар, 10:30
    295

    Қазақстанда әлеуметтік саладағы волонтерлерге сұраныс жоғары - Азамат Жұмағазы

    [ 2020 ] 7 желтоқсан, 10:40
    273

    Босалқы жерлер игерілсе...

    [ 2020 ] 24 қазан, 11:44
    398

    Өңірдегі ауыл шаруашылығының даму қарқыны қалай?

    [ 2020 ] 2 қазан, 10:28
    410

    Каспий жағалауының туристік әлеуетін дамыту бағытында қандай жұмыстар қолға алынған

    [ 2020 ] 24 қыркүйек, 10:07
    458

    Рубрикалар

      Саясат Бейнеу Сұхбат Ашық қоғам Сараптама Экономика Редакция газеттері Жарнама Тағайындау Құқық Аудан тынысы Маңғыстау жаңалықтары

    Автордың басқа да жазбалары

    Томас Бах: Олимпиада уақытында өтеді

    Кеше 17:05
    66

    Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізді

    Кеше 16:02
    66

    Маңғыстауда кеше 6 адам коронавирустан жазылды

    Кеше 15:25
    52

    Коронавирусқа қарсы вакцинация: Қайда, қалай, қашан

    Кеше 14:40
    85

    Қазақстандық вакцинаны салдырамын – Қасым-Жомарт Тоқаев

    Кеше 13:17
    82

    Қ. Тоқаев әкімдерге: Вакцинация мәселесінде дүрбелеңге жол бермеу керек

    Кеше 11:22
    77

    Paragraph

    Lorem ipsum dolor sit amet, consectetur adipisicing elit. Ducimus itaque, autem necessitatibus voluptate quod mollitia delectus aut, sunt placeat nam vero culpa sapiente consectetur similique, inventore eos fugit cupiditate numquam!

    Правила сайта ©

    Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

    Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

    Mańǵystaý Media

    mangystaumedia.kz сайтында «Маңғыстау Медиа» ЖШС аясында шығатын облыстық «Маңғыстау» газеті, сондай-ақ қалалық «Жаңаөзен», аудандық «Жаңа өмір», «Рауан», «Ақкетік арайы», «Қарақия», «Мұнайлы» газеттерінде жарияланған материалдар беріліп отырады.

    Редакция

    • Редакция туралы
    • Редакция газеттері
    • Редакция ұжымы
    • Байланыс мәліметтері

    Статистика сайта:

    Яндекс.Метрика

    Сопровождение сайта Mediana

    Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»