• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Сейсенбi, 2 Наур. 2021

Қосымшалар

Редакция +7 (7292) 20 48 34 hat@mangystaumedia.kz
Газеттер
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
    • EXPO - 2017
    • Жаңаөзен - 50 жыл
    • Астана - 20
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Рухани жаңғыру
  • Әдебиет
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Бозжыраның бүгінгі бейнесі (ФОТО)...

Елімізге Түрікменстаннан 153 қандасымыз көшіп келді...

Аққулар қанат қаққанда (ФОТО)

Қазақстан сарбаздары мен туыстары бір толқында тілдесті...

«Маңғыстау-Ақтөбе» пойызының сапасы сын көтермейді - Жолсеріктер...

  • USD: 417.9 ₸
  • EUR: 503.07 ₸
  • RUB: 5.64 ₸

Коронавирусқа қарсы вакцинация: Қайда, қалай, қашан

26 қаңтар, 14:40  |  Денсаулық

Ақпан айында Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтыру және тарату тәуекелі жоғары санаттарға вакцина егіле бастайды. Осы орайда ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің сарапшылары коронавирусқа қарсы вакциналау туралы егжей-тегжейлі түсіндірме жасады.

Вакцинация міндетті ме, оны кімдер алады

Қазақстанда вакцинация ерікті түрде салынады. «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР Кодексінің 77-бабына сәйкес, кез келген медициналық ем-шара, оның ішінде вакцинация егілетін адамның келісімімен ғана жүргізіледі.

Қазақстанда вакцинациядан бас тартқаны үшін әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілік көзделмеген, кез келген қысым көрсету заңсыз болып табылады.

Вакцинация препараттың келіп түсуіне байланысты кезең-кезеңмен жүзеге асырылады. Бұл ретте, бірінші кезекте вакцина алуға коронавирус инфекциясын жұқтыру және тарату тәуекелі жоғары халықтың осал топтары жатады.

Одан әрі иммундауға жататын халықтың осал топтары қамтылады. Бірінші кезеңде жұқпалы аурулар ауруханаларының, жедел медициналық көмек, реанимация, МСАК, қабылдау бөлмелерінің медицина қызметкерлері, санэпидқызмет мамандары егіледі.

Екінші кезеңде жалпы білім беретін мектептердің, жоғары оқу орындарының педагогтарын, бірінші кезеңге кірмеген медициналық қызмет мамандары вакцинацияланады.

Үшінші кезеңде мектеп-интернаттардың, мектепке дейінгі мекемелердің педагогтары, студенттер мен созылмалы аурулары бар адамдар қамтылады.

Бұдан басқа, халықтың қосымша осал топтары: ТЖМ, ІІМ, Қорғаныс министрлігі, ҰҚК, Мемлекеттік күзет қызметінің қызметкерлерін және басқаларды қоса отырып, контингентті кеңейту жоспарлануда.

Халықтың осал топтары үшін коронавирусқа қарсы егу тегін жүргізіледі.

COVID-пен ауырғандар вакцина салдыра ма

Мамандардың айтуынша, нұсқаулыққа сәйкес вакцинацияға дайындық кезінде антиденелердің болуы туралы анықтама қажет етілмейді. Сонымен қатар, Денсаулық сақтау министрлігінің ұсынымдарына сәйкес, COVID-пен ауырып сауыққаннан кейін вакцинация 6 айдан ерте жүргізілмеуі қажет.

Коронавирусқа қарсы вакцинаны 21 күндік аралықпен екі кезеңмен енгізу керек. Бірінші доза антиденелердің аз мөлшерін өндіруге байланысты қысқа қорғаныс әсерін береді. Екінші доза біріншісінің әсерін күшейтеді және нығайтады, адам организміндегі антиденелер саны артады.

Спутник V» вакцинасын 18 жасқа дейінгі балаларға қолдануға болмайды. Сәйкесінше оны тек Қазақстанның кәмелетке толған азаматтары ғана ала алады. Қазақстанда өндірілген вакцина қазіргі уақытта клиникалық сынақтың 3-ші кезеңінен өтуде. Бүгінгі күні отандық вакцина жөніндегі бекітілген нұсқаулық жоқ, сондықтан осы вакцина бойынша контингент анықталуда.

Қазақстанда қандай вакцина қолданылады

2021 жылғы 1 ақпаннан бастап Қазақстанда Ресейде шығарылған Гам-КОВИД-Вак («Спутник V») вакцинасын пайдалана отырып, КВИ-ға қарсы вакцинация басталады.

Одан әрі 15 ақпаннан бастап, вакциналау процесіне Қарағанды фармацевтикалық кешенінің базасында өндірілген Гам-КОВИД-Вак вакцинасы қосылады.

2021 жылдың 2 тоқсанынан бастап вакциналау процесіне отандық - QazCovid-In препаратын қосу жоспарланып отыр. Бұл вакцина қазіргі уақытта клиникалық сынақтың 3-кезеңінен өтуде.

Қарағанды фармацевтикалық кешенінің базасында өндірілген Гам-КОВИД-Вак (Ресей ғалымдары әзірлеген вакцина - ред.) вакцинасы тек Қазақстан Республикасында қолдану үшін пайдаланылады.

Сонымен бірге, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі қазіргі уақытта «Sinovac», «Sinopharm» (Қытай), «Phizer» (АҚШ) қоса алғанда, коронавирус инфекциясына қарсы вакцина өндіруші бірқатар мемлекетпен келіссөз жүргізуде.

Вакцинаның жанама әсері бола ма

Сонымен бірге, сарапшылар вакцинаның жанама әсері жөнінде пікір білдірді. Қарсы көрсеткіштерді анықтау үшін вакцинаның көрсетілімдері, қарсы көрсетілімдері, иммунизациядан кейінгі ықтимал көріністері, вакцинаны енгізу, сақтау және тасымалдау шарттары туралы толық мәліметтері бар вакцина нұсқаулығы талап етіледі.

Осыған байланысты, қарсы көрсеткіштерді қазіргі уақытта тізіп шығу мүмкін емес. Адамның ағзасы кез келген вакцинаны енгізуде иммунитетті қалыптастыратынын, сондай-ақ иммундаудан кейін дене температурасының қысқа мерзімді жоғарылауы, вакцина орнында қызару мен ісіну сияқты жағымсыз көріністердің пайда болатынын атап айту маңызды.

Медицина қызметкерлері кез келген вакцинаны салмас бұрын адамның аллергиясы бар-жоғын анықтайды. Егер ауыр аллергиялық сырқаты болса, вакцина салу медициналық тұрғыдан бас тартылады.

Бұл ретте аллергиялық реакцияны болжау мүмкін емес, себебі әрбір адамның организмі әртүрлі. Дер кезінде мән беру үшін адам вакцинадан кейін 30 минут (медициналық мекемеде) дәрігердің бақылауында болуы керек: дәл осы аралықта вакцинаға аллергиялық реакция болуы мүмкін.

Одан кейін 3 күн бойы тіркелген жері бойынша учаскелік дәрігерлердің бақылауына алынады.

Бұдан басқа, вакцина алған әрбір адамның қолына вакцинаның ықтимал кері әсерлері көрсетілген және мұндай әсер орын алған жағдайда хабарласа алатын емханалардың телефон нөмірлері бар жадынама беріледі.

«Спутник V» вакцинасының сапасы қандай

Аталған вакцина Ресей Федерациясында мемлекеттік тіркеуден өтті және бірнеше ай бойы халықтың осал топтарын иммундау үшін қолданылып келеді. Ресей Федерациясының Тікелей инвестициялар қорының мәліметтері бойынша, бұл вакцинаны сатып алуға 50-ге жуық мемлекет өтініш берген.

Ал кейбір елдер (Беларусь, Аргентина, Сербия) қазірдің өзінде оны сәтті қолдануда. Қолданыстағы заңнамаларға сәйкес, Қазақстан Республикасының аумағына тіркелмеген дәрілік заттарды әкелу кезінде дәрілік заттың сапасын растайтын өндірушінің қазақ немесе орыс тілдеріне аудармасы бар құжатының электрондық көшірмесі болуы қажет (талдау сертификаттары немесе сынақ есебі немесе сапаны бағалау көрсеткіштері бар сапа паспорты).

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы №850 қаулысымен Қазақстан Республикасында өндірілген COVID-19 коронавирусына қарсы вакциналарды уақытша мемлекеттік тіркеу ережелері бекітілді.

Қазақстан қандай вакциналар әзірлеп жатыр

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы тіркеген коронавирусқа қарсы вакциналар арасында Қазақстан өндірісінің 5 үміткер вакцинасы бар.

Біріншісі – клиникалық зерттеулер кезеңінде тұрған Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институты әзірлеген инактивті вакцина.

Қалған төртеуі: 1) Қазақ ұлттық аграрлық университеті Огайо штатының университетімен бірлесіп (АҚШ) әзірлеген вакцина; 2) Қазақ ұлттық аграрлық университеті; 3) М. Айқымбаев атындағы аса қауіпті инфекциялар ұлттық орталығы; 4) БҚП ҒЗИ әзірлеп жатқан және клиникаға дейінгі зерттеулер сатысындағы суббірлік вакцина.

Сарапшылар коронавирус инфекциясына қарсы вакцина тез әзірленді деген пікірге жауап берді. Пандемия кезеңінде вакцинаға аса қажеттілік туындады. COVID-19 вакцинасын әзірлеу бүкіл әлемде коронавирусты жаппай жұқтыру және адамның жаппай өлімі орын алғандықтан, аса шұғыл жағдайда өтті.

Бұдан басқа, фармацевтикалық компаниялар проблеманың ғаламдық деңдейде болуына байланысты вакцинаны тез әзірлеуге айтарлықтай ресурс жұмсады. Бірақ оның жылдам әзірленуі компаниялардың қауіпсіздік хаттамаларын айналып өтті деген сөз емес.

Н.Ф. Гамалей атындағы ЭжМҒЗО-ның «Спутник V» вакцинасына келсек, ол алдыңғы әзірлемелерге сүйене отырып жасалды.

Орталық пандемияға дейін SARS-CoV-2 коронавирусы да жатқызылған РНҚ бар қабықты вирустарға қарсы вакциналар мен препараттар жасаудың технологиялық платформасын ашқан болатын.

Вакцинацияның электрондық паспорты

Вакцинацияның электрондық паспорты дегеніміз – вакцинаның медициналық тарихы. Бұл, вакцина қабылдайтын халықты бақылау, мониторингілеу және үздіксіз қарау үшін денсаулық сақтау саласындағы негізгі модуль.

Қазіргі уақытта Вакцинацияның электрондық паспортын әзірлеу аяқталып келеді. Паспорттың жұмыс қабілеті медицина қызметкерлері үшін Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық ресурстары арқылы, ал пациенттер үшін – eGov Mobile мобильдік қосымшасын пайдалану арқылы іске асырылмақ.

Вакцинацияның электрондық паспорты вакцинация ем-шарасынан өткен соң, тікелей eGov Mobile мобильдік қосымшасында қолжетімді болады.

Вакцинацияның электрондық паспорты азамат туралы, ол алған вакцинаның түрі, егу кезеңдері, сондай-ақ вакцинациядан кейінгі бақылау туралы ақпарат қамтылады.

Коронавирусқа қарсы екпе алған танымал тұлғалар

АҚШ-та жаңадан сайланған президент Джо Байден вакцина алды – ол 78 жаста және тәуекел тобына жатады. Байденге Pfizer және BioNTech вакцинасы егілді.

Гвинея Президенті Альфа Конде – «Спутник V» вакцинасы егілген алғашқы көшбасшы. Аргентина президенті Альберто Фернандес те Ресейде өндірілген «Спутник V» вакцинасымен коронавирус инфекциясына қарсы вакцинация жасаған.

Түркия президенті Режеп Ердоған СoronaVac қытай препаратымен коронавирус инфекциясына қарсы егілді.

Ватиканда 84 жастағы Рим Папасы Франциск пен 93 жастағы Рим Папасы Бенедикт XVI Pfizer вакцинасын қолданды.

Актер және Калифорнияның бұрынғы губернаторы Арнольд Шварценеггер Pfizer және BioNTech вакцинасымен коронавирусқа қарсы егілді.

Америкалық деректі кинорежиссер Оливер Стоун Ресейде өндірілген «Спутник V» коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаны алды.

Сондай-ақ, елімізде жоғары лауазымды 19 тұлға, оның ішінде Қорғаныс министрі вакцина жасатты. Қазақстанда коронавирусқа қарсы отандық вакцинаны алғашқылардың бірі болып ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов салдырды. Сондай-ақ, еріктілердің қатарында ҚР Президентінің көмекшісі Ерлан Қарин, Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев вакцина алды.

Дереккөз ҚазАқпарат

336
Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
Денсаулық қоғам
Image placeholder

Маңғыстау Медиа

Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

Алдыңғы жаңалық

Дәрі-дәрмектің шекті бағасын төмендету үшін қандай шаралар қолданылуда – ҚР ДСМ

Келесі жаңалық

Коронавирус: Маңғыстаулық дәрігерлер вакцина алды

Пікірлер


    Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
    Жүйеге кіру

    Ұқсас жазбалар

    Донор болу - өзгеге өмір сыйлау

    30 қаңтар, 11:01
    625

    «Спутник V» вакцинасын салдыруға қарсы көрсетілімдер – Бас санитар дәрігердің қаулысы

    29 қаңтар, 15:35
    1271

    Коронавирус: Қазақстандықтарды вакцинациялауға қатысты қаулы шықты

    29 қаңтар, 14:58
    1240

    Облыста дәрі-дәрмек қоры жеткілікті

    27 қаңтар, 17:37
    1375

    Денсаулық вице-министрі коронавирус вакцинасы қалай егілетінін түсіндірді

    27 қаңтар, 16:31
    516

    Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцинациялау 1 ақпан күні басталады

    27 қаңтар, 10:31
    276

    Рубрикалар

      Редакция туралы Хабарландыру Ауыл өмірі Әлем жаңалықтары Мәдениет EXPO - 2017 Маңғыстау Құқық Аудан тынысы Ашық қоғам Қызық дерек Редакция ұжымы

    Автордың басқа да жазбалары

    С. Сейітқазынов: Мақсатымыз – бәсекеге қабілетті футболшыларды тәрбиелеу

    31 қаңтар, 12:14
    509

    Донор болу - өзгеге өмір сыйлау

    30 қаңтар, 11:01
    625

    «Спутник V» вакцинасын салдыруға қарсы көрсетілімдер – Бас санитар дәрігердің қаулысы

    29 қаңтар, 15:35
    1271

    Маңғыстауда мәслихат депутаттары алғаш рет біліктілігін арттыру бойынша оқып жатыр

    29 қаңтар, 15:25
    452

    Коронавирус: Қазақстандықтарды вакцинациялауға қатысты қаулы шықты

    29 қаңтар, 14:58
    1240

    Маңғыстауда тәртіп сақшылары жасырын үйлену тойын ұйымдастырған мейрамхананы анықтады

    29 қаңтар, 14:02
    1457

    Paragraph

    Lorem ipsum dolor sit amet, consectetur adipisicing elit. Ducimus itaque, autem necessitatibus voluptate quod mollitia delectus aut, sunt placeat nam vero culpa sapiente consectetur similique, inventore eos fugit cupiditate numquam!

    Правила сайта ©

    Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

    Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

    Mańǵystaý Media

    mangystaumedia.kz сайтында «Маңғыстау Медиа» ЖШС аясында шығатын облыстық «Маңғыстау» газеті, сондай-ақ қалалық «Жаңаөзен», аудандық «Жаңа өмір», «Рауан», «Ақкетік арайы», «Қарақия», «Мұнайлы» газеттерінде жарияланған материалдар беріліп отырады.

    Редакция

    • Редакция туралы
    • Редакция газеттері
    • Редакция ұжымы
    • Байланыс мәліметтері

    Статистика сайта:

    Яндекс.Метрика

    Сопровождение сайта Mediana

    Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»