Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов коронавирусқа қарсы вакцина қалай егілетінін түсіндірді.
«Вакцинация екі кезеңнен тұрады. Алғашқы кезеңде 0,5 мл мөлшерінде салынады. Осыдан кейін екінші кезеңде 21 күннен соң 0,5 мл мөлшерінде екінші компонент салынады. Вакцина бұлшық еттің ішіне жіберу арқылы ғана егілетінін атап өту керек. Оны бұлшық етке салады. Иықтың сыртқы бөлігіне егеді. Вакцинацияны салмас бұрын вакцина флаконы бөлме температурасында сақталуы керек. 0,5 мл дозаны алатын бірреттік шприц қолданылады. Жылытылған флаконнан 3 мл-ға дейін дозаны алуға болады. Яғни бір флакон 5 адамға дейін жетеді», - деді Марат Шоранов ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.