Ақтауда 11 шағынаудан 40-үйдің жанында KIA Rio маркалы автокөлігі өртенді. Бұл туралы Маңғыстау облыстық ТЖД өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі хабарлады.
Автокөліктің өртеніп жатқаны туралы хабарлама Ақтау қаласының өрт сөндіру қызметіне 1 мамырға қараған түні сағат 03:04-те келіп түскен. Ал өрт сөндіру машинасы оқиға орнына алты минуттан кейін барған.
«Мамандар автокөлікті сағат 03:17-де өшірді. Автокөліктің моторы мен іші жанып кеткен. Өрттен ешкім зардап шеккен жоқ. Оқиғаның болу себебі анықталып жатыр», - деп мәлімдеді өрт сөндіру қызметінің баспасөз қызметі.