9 сәуір күні ҚР СИМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің Маңғыстау облысы бойынша Департаментінде ҚР Президентінің тапсырмасына сәйкес, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының негізсіз өсуіне жол бермеу және ҚР-ның аумағында төтенше жағдайдың қолданылу кезеңінде алыпсатарлықты болдырмау мақсатында кезекті отырыс өтті. Бұл туралы ҚР СИМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті мәлімдеді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Отырыс барысында Департамент басшысы Ж.Б.Акмаганбетов «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының шекті бөлшек сауда бағаларына мониторингінің кейбір мәселелері туралы» ҚР Сауда және интеграция министрлігінің 2020 ж. 4 сәуір № 66-НҚ бұйрығымен Департамент мамандарын таныстырып, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті бөлшек сауда бағаларының мониторингін жүзеге асыру үшін Департамент мамандарынан жауапты тұлғаларды бекітті.
Сонымен қатар әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті бөлшек сауда бағаларының мониторингін жүзеге асыру бойынша бекітілген Департаменттің мамандары COVID-19 вирусын жұқтырудың алдын алатын барлық қажетті санитарлық қорғау құралдарын қолданып, төтенше жағдай режимінің карантинге қатысты сақтық шараларын сақтай отырып, күн сайын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті бөлшек сауда бағаларының мониторингін жүзеге асыруды, мониторинг нәтижелері бойынша ақпаратты http://dosmart.kz онлайн жүйесіне енгізу бойынша нұсқамаларды берді.