1 сәуір сағат 13:00-дегі жағдай бойынша облыста 339 адам үй карантинінде жатыр. Бұл туралы Маңғыстау облысы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Одан бөлек 40 адам стационарда бақылауға алынған. (Ақтау – 32, Жаңаөзен мен Бейнеу – 2, Түпқараған – 4). Сондай-ақ 54 адам обсерваторда жатыр (Ақтау – 36, Жаңаөзен – 6, Бейнеу – 12).
Еске сала кетейік, 27 наурыз күні Маңғыстау облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 1 адам анықталған болатын. Ол – Ыстамбұлдан ұшып келген оралдық азамат. Ал 30 наурыз күні үй карантинінде 215 адамның бақылауға алынғаны хабарланған еді.
Жұлдызай ҚАЛИЕВА