Бұл туралы Ақтау қаласының әкімдігі хабарлады.
«Ақтау қалалық әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-сі (собез) арқылы қоғамдық көліктерде тегін жүретін тұрғындарға 60 реттік жолақысының қаражаты есепшоттарына аударылады. Бұл үшін қоғамдық көліктерде тегін жүру құқығы бар әр тұрғынға айына 4200 теңге берілмек.
2020 жылдың сәуір айынан бастап әлеуметтік осал топқа жататын адамдар автобустарда жолақыны уақытша қолма-қол төлейтін болады.
Айта кетейік, Ақтау қаласында наурыз айынан бастап әлеуметтік осал топтарға жататын тұрғындарға қоғамдық көліктерде тегін жүру үшін арнайы пластикалық жол жүру карточкалары тегін беріліп жатыр. Сәуір айынан бастап барлық автобусқа валидаторлар толықтай енгізілуі тиіс болатын. Алайда, валидаторларды орнататын мамандар төтенше жағдайға байланысты Алматы және Мәскеу қалаларынан Ақтауға келе алмайды.