Мемлекеттік кірістер департаменті салық төлеушілерге және СЭҚ қатысушыларына көрсетілетін бірқатар қызмет түріне шектеу қойды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Бұл туралы қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте Маңғыстау облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Данияр Жаналинов мәлімдеді.
Мемлекеттік кірістер департаменті электрондық түрде қолжетімді мемлекеттік қызметтерді тек egov.kz ақпараттық жүйесі арқылы іске асыруды ұсынады. Сондай-ақ, барлық консультациялық сұрақтар бойынша Департамент сайтында көрсетілген телефондар арқылы, және де Facebook, instagram, twitter әлеуметтік желілері арқылы хабарласуға болатынын жеткізді.
Қазақстан Республикасында төтенше жағдайда әрекет ету кезеңінде ҚР ҚМ МКК 26.03.2020 жылғы №328 бұйрығына сәйкес қызмет алушыларға қызмет көрсету регламентіне Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне және оның аумақтық бөлімшелерінің жұмыс кестесіне өзгерістер енгізілді.
Жұмыс уақыты: сағат 09:00-дан – 17:30-дейін;
Түскі үзіліс сағат: 13:00-дан – 13:30-дейін (яғни 30 минут);
Хат-хабарларды қабылдау және беру: сағат 16:00 дейін.