Ақтау қаласы бойынша тігінші кәсіпкерлер мен еріктілер күн сайын 8 мыңға жуық маска тігіп жатыр, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Маска тігуде «Жамал-ай» ЖШС, 10-ға жуық тігін цехы, «Шуағыңды шаш» қоғамдық қорының мамандары белсенділік танытып жатыр. Бұдан бөлек, әртүрлі еріктілер бар. Мәселен, көпбалалы аналар, жастар, мәдениет қызметкерлері, балабақша мен мектеп ұстаздары көмек көрсетіп жатыр.
Күн сайын тігілген маскалардың 800 данасы әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға, мүгедектерге, сауда орталықтарына, Асарс базарына, «Дина» гипермаркетіне, қоғамдық көліктердегі жолаушыларға тегін таратылады. Күн сайын қаладағы 2-47А, 6-36, 8-9,13-5Б-1Б,5-7, 28А-1, 32Б-22, 12-19, 28 ш/а “Ақжелкен” мекен-жайларындағы дәріханаларға 2500 данасы апарылып жатыр. Осы дәріханалардан маскаларды сатып алсаңыз болады.