Әлеуметтік желіде тараған мектеп оқушыларының мектепте, дүкендер мен қоғамдық көліктерде жүргені үшін ата-анаға айыппұл салынатыны туралы тараған ақпарат – жалған. Бұл туралы облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
«Сондықтан білім алушылар мен тәрбиеленушілердің, педагогтардың, білім беру ұйымдарындағы басқа да қызметкерлердің өмірі мен денсаулығын сақтауды қамтамасыз ету бойынша шараларды көздейтін ҚР Білім және ғылым министрінің 14.03.2020 ж. «COVID-19 коронавирустық жұқпасының пандемиясының білім беру ұйымдарында, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдарда таралуына жол бермеу жөніндегі шараларды күшейту туралы» №108 бұйрығын басшылыққа алу керек», - дейді облыстық білім басқармасының мамандары.
Сондай-ақ мұғалімдер мен ата-аналарға оқушылардың қауіпсіздігін барынша қамтамасыз етуге, тыныштықты сақтауға және негізсіз фактілер мен жалған жарияланымдарға сенбеуге кеңес береді.
Жұлдызай ҚАЛИЕВА