Қала бойынша 26 сауда орталықтары мен 34 супермаркет, 12 базар, 2 гипермаркет ҚР Президентінің жарлығына сәйкес шектелген уақытқа дейін жұмыс істейді. Олардың әрқайсында сағат сайын дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде. Бұл туралы Ақтау қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап mangystaumedia.kz сайты хабарлайды.
"«Анвар» гипермаркетінде еденді жуатын арнайы техника бар, 10 литр суға 1 хлор препараты қолданылып, сағат сайын жуылуда. Әрбір кассаға антисептик пен тазалау құралдары қойылған. Жеделдету құралдары бар. Кезек аса көп емес, жарлыққа сәйкес тәртіп сақталуда, әрқайсысының арасы 1 метрден сақталуда", - деді Анвар гипермаркетінің директоры Индира Қабиева.
"«Ақтау» ойын-сауық орталығында да әр блок тазалануда. Кіреберіске антисептик қойылған, қызметкерлер жиі жуып отырады", деді қауіпсіздік техникасы бойынша инженер Арыстан Джамаев.