Израильдік компания Қазақстанда халықты ауыз сумен қамтамасыз ету жобаларын жүзеге асыруға атсалыспақ, деп хабарлайды mangystaumedia.kz ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Қазақстанның Израильдегі Елшісі Сатыбалды Бұршақов су тазарту шешімдері саласындағы әлемдік көшбасшылардың бірі болып табылатын израильдік IDE Technologies компаниясына барды.
Кездесуде IDE Technologies вице-президенті Майкл Тремер қазақстандық дипломатты компанияның суды тұщыту қондырғылары мен өнеркәсіптік су тазарту құрылыстарын жобалау, салу және пайдалану мүмкіндіктерімен таныстырды.
Келіссөздердің жалғасы ретінде «Маңғыстау атом электр станциясы» (МАЭС) ЖШС делегациясының Израильге сапары ұйымдастырылды. IDE Technologies басшылығымен кездесуде тараптар теңіз суын тұщыту технологиялары саласындағы ынтымақтастықты дамытуға мүдделі екендіктерін білдірді, сондай-ақ тұщыту қондырғыларын пайдалану бойынша тәжірибе алмасты. Қазақстандық делегация Хадера қаласындағы кері осмос технологиясы бойынша жұмыс істейтін «IDE Technologies» тұщыту кешенінің өндірісімен танысты.
«МАЭК» ЖШС бас директорының орынбасары А.Үйкекбаев израильдік компанияның бұрын сатып алынған тұщыту қондырғыларын пайдаланудың оң тәжірибесін атап өтті. Өз тарапынан израильдік компания Маңғыстау облысы әкімдігінің жобасы бойынша тұрғындардың қажеттіліктері үшін қуаттылығы 24 мың м3/тәулік ауыз суды тұщыту қондырғыларын жеткізуді ұйымдастыру ниетін білдірді.