Құрық порты аймағында жол-көлік оқиғасы тіркеліп, жүргізушінің мас болғаны анықталды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға 24 ақпанда кешкі сағат 22:30 шамасында болған. "Renault" маркалы жүк көлігінің жүргізушісі тоқтап тұрған "Toyota Prado" автокөлігіне барып соғылып, одан кейін шлагбаумға соқтығысқан.
«Медициналық куәландыру нәтижесі жүргізушінің орташа дәрежелі мас күйінде екенін көрсетті. Зардап шеккендер жоқ. Жүргізушіге ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы 3-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама жасақталды, деді МО ПД баспасөз қызметіндегілер.