Ақтау қаласының әкімі Ербол Ізбергенов қаланың жан-жақты дамуы жөнінде жиын өткізді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Жиынға республикадан урбанистер, блогерлер мен белсенді жастар және көгалдандыру саласының мамандары қатысты.
-Қаланың көркеюі - баршамызға ортақ мақсат. Мен Ақтау шаһарының жасампаз, жаңарған келбетін қалыптасыруда бірқатар жобаларға жан бітіру қажеттігін алға тартқан едім. Соның ішінде қаланың дамуына серпін беретін арнайы қорды құру жөнінде ұсыныс жұртшылық қодауына ие болған еді. Осы идеяның іске асыруға септескен белсенді жастарға, соның ішінде Данияр Сандыбаевқа ерекше алғыс білдіремін,- деді қала әкімі.
Жиын барысында «Ақтау қаласының дамуы» тақырыбында презентация жасалды. Қаланы абаттандыру,көгалдандыру, қоғамдық кеңістіктер құру, бұқаралық спортты дамыту, көлік инфрақұрылымын жасақтау бойынша нақты жоспарлар ұсынылды.
Коммерциялық емес қорға құрылыс ұйымының жетекшісі, белсенді тұрғын Данияр Сандыбаев басшылық етеді. Қор бюджеттен қаржыландырылмайды.