Ақтауда қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен педагогтерді жұмыспен қамтуды жүзеге асыру мақсатында ашық есік күні өтті, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аталған шараға Ақтау қаласы әкімінің орынбасары Нұртас Сали, қалалық білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Тоты Күлметенова және білім бөліміне қарасты білім беру ұйымдарының басшылары қатысты. Ашық есік күніне 500-ге жуық педагог келді. Жиын барысында педагог мамандар өздеріне қажетті ақпарат алды.
-Педагогтарды қабылдау ҚР Оқу-ағарту министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 Бұйрығы бойынша Мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагогтерін лауазымға тағайындау конкурс өткізу тәртібі арқылы жүргізіледі. 18,19 А шағынауданда жаңа 2024-2025 оқу жылында мектептер ашылмақ. Жаңа оқу жылында іске қосылатын мектептерге қабылдау бойынша хабарландыру туралы ақпарат Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің ресми сайты мен әлеуметтік желілеріне (instagram aktau.bilim_bolimi, facebook Ақтау қалалық білім бөлімі) жарияланады, - деді Ақтау қаласы бойынша білім бөлімі басшысының м.а Тоты Күлметенова.