Маңғыстау облысының құқық қорғау органдары былтыр есірткіге қатысты 390 құқық бұзушылықты анықтады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Маңғыстау облысында былтыр анықталған 390 есірткіге қарсы құқық бұзушылықтың 52 фактісі есірткі қылмыстары бойынша тіркелген. Оның ішінде: есірткі затын өткізу бойынша – 32, есірткі затын аса ірі көлемде сақтау бойынша – 10, есірткіні заңсыз жарнамалау бобйынша -3, егіп өсіру – 5, притондар ұйымдастыру – 1.
Сонымен қатар, есірткі қылмысына қарсы 337 теріс қылық анықталған. Ал заңсыз есірткі айналымынан 298 кг 900 грамм есірткі заты тәркіленген. Оның ішінде марихуана – 254 кг, апиын – 39 кг және синтетикалық есірткі заты – 4 кг 690 грамм тіркіленген.
Осы орайда құзырлы орган өкілдері жастарды есірткіден сақ болуға шақырады. Маңғыстау облыстық ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының полиция уәкілі Балзипа Бердешова жастар арасында да есірткіге тәуелділік әсіресе, синтетикалық есірткілер мен азотталған шарларға құмарлық артқанын айтып дабыл қағады. Ол үшін қазір арнайы профилактикалық жұмыстар жүргізіледі.
-Жастар арасында синтетикалық және психотроптық заттарға тәуелділік артты. Тұтынумен сату жағдайлары да анықталды. Оларға бұл мақсатта арнайы жұмыстар да жүргізілді. Есірткі қылмысын алдын-алу бағыту бойынша 130 профилактикалық шара ұйымдастырылды. Қоғамдық орындағы 780 граффити жазуы анықталып, жойылды. «Кибернадзор» жүйесі бойынша есірткі заттарымен олардың аналогтарын жарнамалайтын және сататын 110 интернет сайты бұғатталды,- дейді Балзипа Бердешова.
Маңғыстау облыстық нашақорлық диспансері басшысының орынбасары Ләззат Әбеуова да жастар арасындағы нашақорлық қауіпті дерт екенін айтады. Әсіресі жас, енді ғана дамып келе жатқан жеткіншектер үшін аса қатерлі екен.
-Ең алдымен психикалық тәуелділік пайда болады. Сондай-ақ қорқыныш пен үрей, ашушаңдық пен жалғыздық сезімдері өрбейді. Рухани құндылықтарымен өмірге деген құштарлық жоғалады. Адам барынша деградацияға ұшырайды. Бұрынғы білген қабілеттірн де ұмытып қалады. Қоғаммен отбасынан оқшаулайды. Тек қана есірткінің келесі дозасын күтумен болады. Артынша бұл үлкен психикалық дертке ұласады, - дейді Ләззат Әбеуова.