Маңғыстауда әлеуметтік желілерде белгілі бір жерде болуы мүмкін су тасқыны немесе эвакуацияланған адамдар туралы, кезекті эвакуацияланған аймақтар жайлы жалған ақпарат тарап жатыр, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Қоғамдық коммуникация орталығының хабарлауынша, әлеуметтік желілерде Құлсарадан көшірілген 150 адамды Батыр ауылының мектебіне орналастыру туралы ақпарат тараған.
«Қазір Құлсарадан көшіп келгендердің ішінен Батыр ауылындағы мектепте бірде-бір адам жоқ. Суретте көрсетілген азаматтар орналастыру орындарын дайындайтын жергілікті тұрғындар. Жалған ақпарат таратудан бас тартуыңызды сұраймыз», - деп хабарлады білім беру ордасы.
Полиция департаменті жалған ақпарат таратушылар қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын еске салады (ҚР ҚК 274-бабы). Жалған ақпарат таратушылар бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, төрт жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартылады. Бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеліп, бірнеше мерзімге бас бостандығынан айырылады.
Маңғыстау тұрғындарын мемлекеттік мекемелер тарататын ресми ақпаратқа ғана сенуге шақырады.