Құлсары қаласындағы төтенше жағдайға байланысты Жылыой аудандық ауруханасынан Бейнеу аудандық орталық ауруханасына түнде 35 науқас жатқызылды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Бүгінгі таңда барлық ауру түрлері бойынша науқастар өз бөлімдеріне жатқызылып, ем -домдарын қабылдап жатыр. Аурухана дәрігері Асухан Марқабаеваның айтуынша науқастарға қажетті дәрі-дәрмек жеткілікті.
“Эвакуацияланған адамдарды әр мектепте шоғырлану орнына байланысты медбикелер мен дәрігерлер қарап жатыр. Ол жердегі науқастар да қабылдау бөліміне келіп, емдерін алуда”,- дейді Бейнеу аудандық аурухана директоры Берік Абдуллаев.
Ауданның бас дәрігерінің айтуынша әлі де анықталып жатқан науқастар бар. Барлығына медициналық көмек көрсетіліп, дәрігерлер күн -түн демей қызмет етуде.