Төтенше жағдайға байланысты жалған ақпарат таратқан жаңаөзендік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Еліміздің бірқатар өңірінде су тасқыны салдарынан өте күрделі жағдай орын алуда. Осыған орай “Жаңаөзенде жол жабылды” деп алаңдаушылық сипатта жалған ақпаратты әлеуметтік желі арқылы таратып жіберген.
Жаңаөзен полицейлері күдіктіні бірден анықтады. ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 456 бабының 3 бөлігіне сай әкімшілік жауапкершілікке тартты.
“Қандай да бір жалған ақпарат таратқандар ҚР ҚК 274 бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескертеміз. Азаматтардан тек ресми ақпарат көздеріне сенуді сұраймыз” , - дейді Жаңаөзен полициясы.