Бұл туралы ел Президенті өз Жолдауында мәлімдеді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
"Синтетикалық есірткіні тұтыну көрсеткішінің артуы ұлт денсаулығына үлкен қауіп төндіреді. Соңғы үш жылда есірткі айналымындағы "синтетика" көлемі 10 есеге артты. Синтетикалық есірткі жыл сайын арзан әрі қол жетімді болып барады. Олар әлеуметтік желілер, мессенджерлер арқылы еш кедергісіз сатылып, тіпті үйге жеткізіледі", - деді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев.
Ол осы аса қауіпті әлеуметтік аурудың ауқымын ескере отырып, синтетикалық есірткілерді өндіру мен таратуға қарсы күрес жалпыұлттық сипат алуы тиіс екенін атап өтті. Мемлекет басшысы Үкіметке нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрес жөнінде кешенді жоспар әзірлеуді тапсырды.