Бұл туралы Мемлекет басшысы халыққа Жолдауында мәлімдеді.
«Ел экономикасын тұрақты дамытуға су тапшылығы қатты кедергі болып отыр.Қазір бұл ұлттық қауіпсіздік мәселесіне айналды. Сырттан келетін су азайып барады. Сол судың өзін тиімсіз пайдалану жағдайды одан әрі ушықтырып отыр. Судың 40 пайызы құмға сіңіп жатыр. Бұл салада басқа да түйткілдер аз емес. Атап айтқанда, инфрақұрылым әбден тозған. Сондай-ақ, автоматтандыру және цифрландыру деңгейі төмен. Ғылыми негіздепе жоқ, маман тапшы ",-деп атап өтті ел Президенті.
Мемлекет басшысы бұл мәселелерді шешу үшін Үкімет жанындағы Су кеңесінің жұмысын жандандыру қажеттігін, білімді сарапшыларды жұмысқа тарту керектігіне баса назар аударды.
"Қажетті мамандарды даярлау үшін бұл саладағы іргелі әрі мықты жоғары оқу орнын анықтаған жөн. Су саласын дамытудың үш жылдық жобасын әзірлеу керек»,-деп мәлімдеді ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.