Тамыз айының соңында қазақстандықтар Конституция күнін атап өтеді. Бұдан бөлек бірнеше кәсіби және мемлекеттік мерекелер жаздың соңғы айында аталып өтіледі, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Қазақстанда Конституция күні жыл сайын 30 тамызда атап өтіледі. Биылғы жылы ол сейсенбі күнге түсіп тұр, сондықтан заңға сәйкес демалыс 27 тамыз сенбіден 29 тамыз дүйсенбіге ауыстырылады. Яғни қазақстандықтар 28-30 тамыз аралығында үш күн демалады.
Көлік қызметкерлері күні тамыздың бірінші жексенбісінде, яғни 7 тамызда атап өтіледі. Бұл мерекені көлік саласының барлық қызметкерлері атап өтеді.
10 тамыз Абай күні аталып өтілмек Бұл мереке қазақ әдебиетінің негізін қалаушы Абай Құнанбаевқа арналған.
Тамыздың екінші жексенбісінде (14 тамыз) құрылысшылар өздерінің кәсіби мерекесін атап өтеді. Ал 1992 жылдың 18 тамызында Президенттің шекара әскерлерін құру туралы жарлығына байланысты бұл күн шекарашылар күні ретінде бекітілді.
Тамыздың үшінші жексенбісінде (21 тамыз) спортшылар күні ретінде бекітілген.
Ал тамыздың соңғы жексенбісінде кеншілер өздерінің кәсіби мерекесін атап өтеді.