Бүгін 3 тамызда "ҰАТ" АҚ серверлік орталығында орын алынған төтенше ақауға байланысты Egov.kz , SB.egov.kz, ашық үкімет порталы, АЖ, Мобильді үкімет, МДБ ЖТ, МДБ ЕЛ, ПШЭП, вшэп секілді ақпараттық жүйелердің жұмысы белгілі бір уақытқа іркілді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Бұл жүйелердегі ақау ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лардың жұмысына әсер етеді, сондықтан Мемлекеттік корпорацияға қарасты бөлімшелерде қызмет көрсету уақытша қолжетімсіз.
"Халықтан уақытша туындаған қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз. Жұмысқа қалыпқа келісімен дереу хабарлаймыз", - деп мәлімдеді тиісті ведомство.