1 шілдеде үкіметтік емес ұйымдарға арналған сыйлықақыны беру үшін жыл сайын өткізілетін конкурсқа өтінімдерді қабылдау басталды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
ҮЕҰ үшін сыйлықақы ҮЕҰ әлеуетін нығайту, қоғамдық пайдалы жобаларды іске асыруға мотивацияны арттыру үшін институционалдық қолдау ретінде беріледі. Сыйлықақы әлеуметтік маңызы бар 15 бағытқа табысталады.
Бір бағытқа арналған сыйлықақы мөлшері 2000 АЕК-ті құрайды.
Айта кетсек, соңғы 5 жылда 287 ҮЕҰ қоғамдық мәселелерді шешуге өз үлестерін көрсетіп, сыйлықақы иегері атанды.
Егер сіздің ҮЕҰ қоғам өміріне белсенді қатысып, өз қызметі саласында көшбасшы ретінде танылып, әлеуметтік маңызды мәселелерді шешуге түбегейлі үлес қосып, жаңашыл идеяларды белсенді іске асырса – үздік ҮЕҰ арасында өтетін конкурсқа қатысуға шақырамыз.
Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау 2022 жылғы 1 қыркүйекте (қоса алғанда) сағат 18:30-да аяқталады.
Байқауға қатысу шарттары туралы толығырақ сілтеме бойынша білуге болады
https://www.gov.kz/memleket/entities/akk/documents/details/321154?lang=kk