2022 жылдың шілдесінде қазақстандықтар Астана күнін және Құрбан айт мерекесін атап өтеді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz
6 шілде — сәрсенбіге, ал Құрбан айт — 9 шілдеге, сенбіге келіп тұр. Астана күні қарсаңында 1 қосымша демалыс және қысқартылған жұмыс аптасы беріледі.
Құрбан айт мейрамы діни қызметкерлердің келісімі бойынша бекітіледі. Еңбек кодексінің 84-бабында Құрбан айттың бірінші күні — жұмыс кестесі мен режиміне қарамастан, демалыс күні деп белгіленген. Яғни, 9 шілде сенбі болса да, демалыс жұмыс күніне ығыстырылмайды, ұзартылмайды.
Жалпы шілде айында
бес күндік жұмыс аптасында — 20 жұмыс және 11 демалыс күні;
алты күндік жұмыс аптасында — 25 жұмыс және 6 демалыс күні бар.