Бұл туралы ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мәлімдеді. Мамандар Қазақстан халқы Ассамблеясының 2026 жылға дейінгі даму тұжырымдамасының жобасын дайындаған, онда республика халқының этникалық құрамы да көрсетілді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz
Жалпы, 2018-2020 жылдардағы статистика деректеріне сүйенсек, халық саны тұрақты өсіп келе жатыр. Мәселен, соңғы үш жылда 2,6%-ға көбейген.
- 2022 жылғы 1 қаңтарда Қазақстанда 19 млн.122 мың адам болды, олардың 69,03%-ы — қазақтар. Сонымен қатар, елде 18,47% орыстар, өзбектер 3,29%, ұйғырлар 1,5%, украиндар 1,3%, татарлар 1,06%, немістер 0,92%, түріктер 0,61%, кәрістер 0,57%, әзірбайжандар 0,61%, дүнгендер 0,40%, белорустар 0,26%, тәжіктер 0,27%, күрдтер 0,25%, шешендер 0,18% , поляктар 0,15%, башқұрттар 0,09%, басқа этностардың өкілдері 1,04% құрайды, - делінген хабарламада.