Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі азық-түліктің бағасының негізсіз өсуін сынға алды.
«Қазақстанның аграрлық әлеуеті туралы көп айтылады. Дегенмен АӨК саласында мәселе аз емес. Алдымен ол жөнсіз бағаның өсуі мен тауар өнеркәсібі жұмысын дұрыс үлестіру. Мен бұған дейін елімізде көтерме үйлестіру желісін құрудың маңыздылығы туралы айтқан болатынмын. Бұл міндет жүзеге асу деңгейінде тұр. Ұсақ ауыл шаруашылық тауар өндіруді сол желімен қамтамасыз ету керек. Сол арқылы ауыл шаруашылығы тауар өндірушілердің өз шаруашылығы болады. Бұл салада монополияға жол жоқ», - деді Қ. Тоқаев.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысы тауар өндірушілер баға тұрақтылығын сақтау үшін оларға арналған бірыңғай бақылаудың керектігін айтты.
«Жауапкершілікті зонасын шектеп, бір ғана негізгі органды белгілеіп, ол нақты регламентпен бекітілуі тиіс. Қазір бұл сұраққа бірнеше орган жауапты. Баға өскен сәтте олар талдау жасап, тиісті шараларды қабылдаудың орнына бір-біріне сілтеп отырады. Бағаны реттеу мәселесін жөнге келтіру керек. Бұл ретте Үкімет 1 айдың ішінде шешім қабылдауы тиіс», - деді Президент.