ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елімізде эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру жолдарын атады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
«Республикадағы эпидемиологиялық ахуалды одан ары тұрақтандыруды қамтамасыз ету және коронавирус инфекциясына шалдығу әрі өлім-жітім өсіміне жол бермеу мақсатында «қызыл» және «қою қызыл» аймақтарда тұрған өңірлерде демалыс күндері локдаун сақтау, мониторингі топтарының жұмысын күшейту, вакциналауға жататын халықты вакцинамен қамтуды арттыру, халық арасында ақпараттық түсіндіру жұмыстарын күшейту, кәсіпкерлердің өтінімдерін ескере отырып, «Ashyq» жобасының көшбасшылары үшін критерийлерді соңына дейін аяқтау ұсынылады», - деді Алексей Цой бүгін Үкімет отырысында.