ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда коронавирустан вакцинаны қайталап егудің мерзімін атады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
«Ревакцинация жоспарда бар. Қазір тәсілдерін қарастырып жатырмыз. Ол екі түрлі болады. Шұғыл ревакцинация бар, ол жалпы ұжымдық иммунитет қалыптастыруға дейін салынады. Ал жоспарлы ревакцинация жылына бір рет жасалады. Біз қазір сараптап жатырмыз, себебі Қазақстан вакцинацияны салыстырмалы түрде жайырақ, ақпан айынан бастады. Көпшілік маусым-шілде айларында екпе алды. Біздің антиденелер әлі де жаңа, деңгейі жоғары. Сондықтан екінші дозаны алғаннан кейін шамамен 9 ай өткен соң, күнтізбеге қосатын шығармыз», деді Цой Coronavirus2020.kz телеграм арнасында жарияланған видеода.