2020-2021 оқу жылының төртінші тоқсанында республиканың барлық өңірлерінде балалар санын 25 адамнан асырмай дәстүрлі форматта оқытуға рұқсат берілді. Бұл туралы ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысында айтылған, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Жаңа қаулыға сәйкес «2020-2021 оқу жылының төртінші тоқсанында:
– республиканың барлық өңірлерінде: контингенті 300 оқушыға дейін қалалық және ауылдық мектептерде сыныптардағы балалар санын 25 адамнан асырмай дәстүрлі форматта оқытуға;
білім беру ұйымы әкімшілігінің шешімі бойынша сабақтан тыс уақытта 15 адамнан аспайтын топтарда оқушыларды жеке оқытуға;
– тәуекелі төмен және орташа аймақтарда (жасыл және сары аймақтар) орналасқан өңірлердегі жалпы білім беретін мектептерде барлық сыныптардың оқушылары үшін сыныптардағы балалар санын 25 адамнан асырмай аралас форматта оқытуға;
– тәуекелі жоғары аймақта (қызыл аймақ) орналасқан өңірлерде:
жалпы білім беретін мектептерде 1 сыныптан бастап 5 сыныпты қоса алғанда, халықаралық мектептерде 1 сыныптан бастап 7 сыныпты қоса алғанда, мектеп алды сыныптарының оқушылары үшін сыныптардағы балалар санын 25 адамнан асырмай аралас форматта оқытуға;
оқу бітіретін сыныптар ( 9, 11 (12) сыныптар ) үшін аптаның 6 күні ішінде: пәндердің 70%-ын штаттық режимде, 30%-ын қашықтықтан аралас форматта оқытуға рұқсат етілмек;
Қаулының толық мәтінін мына жерден оқуға болады.