Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Заңның 12 бабының 5-тармағына, 16-9 бабы 2-тармағының 10 тармақшасына сәйкес, «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ жіберген кемшіліктерді жою туралы нұсқауларды орындамауына байланысты «Бек Эйр» АҚ-ның пайдаланушы сертификаты кері қайтарып алынды. Сондай-ақ, «Бек Эйр» АҚ-ның 9 Fokker әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификаттары кері қайтарылды.
Пайдаланушы және жоғарыда көрсетілген әуе кемелерінің ұшуға жарамдылығы сертификаттырын алу үшін әуе компаниясы қайтадан толық сертификаттау рәсімінен өтуі қажет», - делінген хабарламада.
Сондай-ақ онда осыған дейін «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ Бас көлік прокуратурасымен бірлесіп «Бек Эйр» әуе компаниясының қызметіне жоспардан тыс тексеру жүргізіп, нәтижесінде ұшу қауіпсіздігіне әсер ететін өрескел заң бұзушылықтарды анықталғандығы айтылған.