Форт-Шевченко тұрғынының гаражынан жалпы салмағы 500 келіден асатын бекіре тұқымдас 219 балық тәркіленді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Polisia.kz сайтынан сілтеме жасап.
Браконерлік факт Маңғыстау облыстық табиғатты қорғау полициясы рейдтік шараларды жүргізу барысында анықталған.
Қазіргі таңда ҚР ҚК «Сирек кездесетін және құрып кету қаупі бар, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған өсімдіктер мен жануарлар түрлерімен заңсыз айналысу» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Жұлдызай ҚАЛИЕВА