Бұл туралы mangystaumedia.kz сайты Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлады.
Бүгін таңда Маңғыстау облысы жедел жәрдем стансасына Бейнеу ауданының тұрғыны хабарласып, жедел жәрдем бригадасын шақыртқан. Себеп «Физиологиялық туу» туралы хабарлама.
Аталмыш шақыртуды сол түні кезекшілікте болған жедел жәрдем стансасының диспетчері Жарқынай Кемалова қабылдады. Жолда бара жатқан жедел жәрдем бригадасын күтпей-ақ жүкті әйелдің туысқандарына "Қоңырауды ұстау" принципі бойынша кеңес берілген.
Бұдан әрі диспетчер жүкті әйелдің туысына кіндікті қалай дұрыс кесу керектігі туралы айтқан. Себебі кіндік қаншалықты дұрыс кесілсе, соншалықты баланың өмірге келуі тікелей байланысты екендігі ескертілген.
Осылайша 1977 жылғы әйел салмағы 3 келі 222 грамм және бойы 52 см қыз баланы дүниеге әкелді. Әйелді сәбидің өз әжесі босандырып алған.
Кіндігі кесіліп баласы анасының қолына тапсырылған бойда жедел жәрдем бригадасы жетіп, ана мен кішкентай сәбиді шұғыл түрде Бейнеу аудандық орталықтандырылған ауруханасына жеткізілген. Қазір екеуінің де жағдайы тұрақты. Дәрігерлер тиісті көмекті көрсетуде.