Маңғыстауда имамдар форумы өтеді
[ 2019 ] 20 қараша, 04:40 | Жаңалықтар
«Рухани құндылықтар–қоғам бірлігінің негізі» форумы 22 қараша күні Ақтау қаласындағы Ассамблея үйінде өтеді. Оған жергілікті билік, өңіріміздегі дін саласы мен зиялы қауым өкілдері және қалалық, аудандық, ауылдық мешіттердің имамдары, ұстаздар мен жастар, жалпы жамағат қатысады, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Маңғыстау облысы Бекет ата мешітінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Айта кетейік, қазан айында Нұр-Сұлтан қаласында «Рухани құндылықтар – қоғам бірлігінің негізі» атты үшінші имамдар форумы өтті. Форумда «Жеті рухани қазық» Қазақстан мұсылмандарының Рухани Тұғырнамасы, «Дін қызметкерлері атқаратын діни рәсімдер тізілімі», «Діни қызметкерлердің лауазымдық міндеттері» және «Діни лауазымдар тізілімі» атты құжаттар қабылданды. Сол құжаттар арқылы имамдардың нақты міндеттерін айқындаған форум Алматы қаласында, Атырау облысында, Павлодар облысында, Талдықорған аймағында, Ақмола облысында, Ақтөбе облысында Шымкент қаласында, Қарағанды облысында, Алматы облысында және Семей қаласында жалғасын тапқан болатын.
1053
Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте
WhatsApp Mail.ru Telegram
Маңғыстау Медиа
Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.